auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Назарбаев Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты

Назарбаев Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Универсиада-2017 эстафетасының алауын жақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын жағып отырмыз. Тәуелсіздік жылдары бұл маңызды оқиға болып отыр. Әлемдік деңгейдегі мұндай жарыстар Қазақстанда әлі өткізілген емес. Бұл кез келген елге бұйыра бермейді. Бұл сайыстарды абыроймен аяқтаймыз деген сенімдемін. Бастысы бұл алау еліміздің барлық аймағында болып, сіздерді үлкен жеңістерге рухтандыратын жанкүйерлер ықыласына бөлейді. Командамыздың 168 қатысушысының әрқайсысы өте жоғары атаққа лайық. Мен оған сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.




"Сіздерге бүкіл Қазақстан жанкүйер болады. Біздің өткізіп отырғанымыз біріншіден жастарымызды спортқа жақын етеді. Екіншіден, салған спорт нысандарымыздың барлығы болашақ спортшыларымызға қызмет ететін болады. Үшіншіден, елімізді әлемге тағы бір паш етеміз. Мен сіздерге мықты денсаулық тілеймін. Бір кездері қысқы Олимпиадада Владимир Смирнов, Людмила Прокашина салып кеткен жолды жалғастыруларыңыз қажет. Сіздердің қатарларыңыздан еліміз мақтанатын әлемге әйгілі спортшылар шығады. Сіздерге сәттілік пен жеңіс тілеймін", - деп аяқтады Қазақстан Президенті.



Алау эстафетасы Назарбаев Университетінен бастау алып, Астананың әкімдігі алдында аяқталады. Алауды 60 студент және астаналық жас спортшылар алып өтеді. Олардың қатарында Василий Левит, Мадияр Ибраимбеков және Мөлдір Мекенбаева бар.

Эстафета екі кезеңге бөлінеді және алауды Астананың орталық көшелерімен 12 шақырым жер алып өтеді. Бірінші кезең "Бәйтерек" монументі алдында аяқталып, осы жерде концерттік бағдарлама көрсетіледі. Екінші кезеңде алау республикалық штаб өкілдеріне тапсырылады да, әуе рейсімен Алматыға жеткізіледі.



Эстафетаға байланысты Астананың кейбір көшелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.



Еске салайық, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 наурыз 2017, 18:28
Универсиада
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Жарнама

Жарнама