auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Топтық кезеңге шығатын уақыт келді". "Қайраттың" шотландиялық жанкүйері Еуропа лигасына болжамын айтты

"Топтық кезеңге шығатын уақыт келді". "Қайраттың" шотландиялық жанкүйері Еуропа лигасына болжамын айтты
Сурет: "Қайрат" ФК©

Алыстағы Шотландияда қазақ футболын бір кісідей білетін жанкүйер бар. Саймон Хилдик бірнеше жылдан бері "Қайрат" клубының Тұманды Альбиондағы басты фанаты. Сонымен қатар, ол басқа да қазақстандық командалардың еурокубоктегі матчтарын қадағалайды. Бүгін "Қайрат" Еуропа Лигасының үшінші іріктеу айналымында Арменияның "Алашкертімен" кездесіп, плей-офф раундына өткен жағдайда Шотландияның "Рейнджерс" клубымен өзара мықтыны анықтайды. Орайы келгенде Vesti.kz тілшісі Саймонмен тілдесіп, "халықтық" команданың болашақ қарсыласы жайлы әңгімелесті.

- Саймон, қазақ футболын бұрыннан қадағалайтыныңызды білеміз. Бүгін "Қайрат" қонақта "Алашкертпен" кездеседі. Болжамыңыз қандай?

- "Алашкерт" пен "Қайрат" кездесуінің фавориті – қазақстандық команда екені айдан анық. Алайда Ереванда оңай ойын болмайды. Армяндарды қалпақпен ұрып ала алмайсыз. Бүгінгі таңда "Қайрат" сапында Небойша Косович, Яцек Гуральски және Ғафуржан Сүйімбаев сынды белді ойыншылар жоқ. Хосе Канте де алаңға шықпауы мүмкін. Әрине, Вагнер Лавтың барын ұмытпауымыз керек. Бірақ биылғы маусымда Артур Шушеначевтың ойыны ұнап жүр. Бүгінгі матчта сол жігіт маңызды голды соғуы тиіс.

- "Қайрат" пен "Рейнджерс" командалары кездесіп жатса, қай клубқа басымдық берер едіңіз?

- Егер "Қайрат" пен "Рейнджерс" командалары кездесіп жатса, шотландиялық клубқа басымдық берер едім. "Рейнджерс" маусымды сәтсіз бастағанына қарамастан, құрамында талантты жас ойыншылары бар. Глазгода қорғанысқа көбірек көңіл бөле алса, Алматының "Орталық" стадионында "Қайрат" жеңіске жетуі тиіс. Ал жанкүйерлерді стадионға кіргізсе, онда Джеррард шәкірттеріне мүлдем қиын болады. Себебі, "халықтық" команданың жанкүйерлері ерекше атмосфера жасай алады. Белградта "Црвена Звездаға" қарсы өткен кездесудегідей емес, одан да жақсы өнер көрсетуі тиіс. Ол үшін алдымен "Алашкерттен" басым түсу керек. Ал "Қайрат" пен "Рейнджерс" кездесіп жатса, Глазгодағы ойынға міндетті түрде баруға тырысамын. Билет алу оңай болмайды. Себебі Шотландия астанасында футбол жанкүйерлері көп. Билет алып жатсам, отбасымызбен стадионға баруды жоспарлап отырмыз.

- Қазақ футболын қай уақыттан бері қадағалап келесіз?

- Қазақ футболы жайлы алғаш рет 2000 жылдардың басында естідім. 2002 жылы Қазақстан Футбол Федерациясы УЕФА-ға мүше болғаннан бастап қадағалай бастадым. Ал "Данди Юнайтедтің" бұрынғы ойыншысы Стюарт Дафф "Қайратқа" ауысқанда қызығушылығым одан сайын арта түсті. Өз басым қазақ жерінде 4 рет болғам. Алматы мен Нұр-Сұлтандағы матчтарды тамашаладым. Қазақ халқының қонақжайлылығына таң қалдым. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандық жанкүйерлерге Шотландиядан сәлем жолдаймын. Қазақстанда Еуропа және Чемпиондар лигасының ойындарын стадионнан тамашаладым. "Қайрат" клубының жаттығу базасымен таныстым. Сонымен қатар, ішкі чемпионат пен Қазақстан Кубогінің ойындарын көрдім. Одан бөлек, Глазгода Шотландия мен Қазақстан арасындағы ойынға барғанмын. Жалпы қазақ футболын сырттай бақылап отырамын. Қазақстандық клубтардың Еуропа алаңдарындағы матчтарын үзбей қараймын. Жуырда "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф раундына шықты. Қақпашы Шацкийдің ерлік жасағанын көріп риза болдым.

- Бүгінгі таңда "Қайрат" сапында қай футболшының стилі ұнайды?

- "Қайрат" сапында Айбол Әбікенді ерекше құрметтеймін. Айбол өзінің бала күнгі кумирі Стивен Джеррардты (Стивен Джеррард "Рейнджерс" ФК бас бапкері) көреді деп ойлаймын. Жалпы алғанда алматылықтардың Еуропа Лигасы немесе Конференция лигасының топтық кезеңіне шығатын уақыты келді. "Қайратқа" бүгінгі ойында жеңіс тілеймін. Алға, "Қайрат"!

Еске салайық, бүгін Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Қайрат" қонақта "Алашкертпен" кездеседі. Ойын елорда уақытымен 21.00 басталады. Қос ұжым арасында алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды. Кекер баптайтын жігіттер келесі раундқа өткен жағдайда Глазгоның "Рейнджерсімен" топтық кезеңнің жолдамасына таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама