auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" қарымта ойында "Спортингпен" тең түсті

"Астана" қарымта ойында "Спортингпен" тең түсті
"Астана" ФК
Футболдан Еуропа лигасының 1/16 финалындағы қарымта ойында "Астана" Лиссабонда "Спортингпен" тең түсті. Ойында елордалық ұжым 3:1 есебімен ұтылып тұрып, есепті теңестіре білді.

Португалдық клуб ойында жылдам гол соғып, есепте алға шықты. 3 минутта Бас Досттың баспен бағыттаған добын Ненад Эрич қайтарып үлгере алмады. Ал оған дейін Патрик Твумасидің шабуыл кезінде бағыттаған добы қақпа бағанынан қайтқан-ды.

36 минутта Джордже Деспотовичтің тепкен добы да қақпа бағанынан қайтты. Әйтсе де араға бір минут сала Станимир Стойлов шәкірттері есепті теңестіре білді. Бұрыштамадан асырылған допты Марин Томасов тура бағыттап, гол соқты.

Екінші таймда да командалар екі-екі голдан соқты. 52 минутта Деспотович "Астананы" алға шығарған. Алайда қапталдағы төреші оффсайдта қалғанын аңғарып, голды есепке алмады. Артынша шабуыл кезінде Бруну Фернандеш "Спортингтің" екінші голын соқты. Араға 10 минут сала дубль орындады.

80 минутта Патрик Твумаси есепті қысқартты. Алдына келген допты қақпаға дәл бағыттады. Ойын аяқталар сәтте Дмитрий Шомко тура соққысымен допты дәл бағыттап, таразы басын теңестірді. Алайда қос ойын қорытындысы бойынша лиссабондық клуб 1/8 финалға жолдама алды.



Естеріңізде болса Астанада өткен бірінші ойында "Спортинг" 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама