auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" IFFHS рейтингінде 57 орынға төмен түсіп кетті

"Астана" IFFHS рейтингінде 57 орынға төмен түсіп кетті
2017 жылдың үздік клубы атағын Мадридтің «Реалы» жеңіп алды. Ал Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасында сәтті өнер көрсеткен Астана былтырғы маусымның қорытындысы бойынша 57 сатыға төмен сырғып, 129-шы орынға орналасты.

Рейтингке барлығы 403 команда еніпті. Оның үшеуі Қазақстанның командасы. 2016 жылды 72-орынмен қорытындылаған «Астана» 57 саты төмен сырғып, 129-орынға орналасқан. Алматының «Қайратында» 105 ұпай бар. Олар 2016 жылмен салыстырғанда жағдайын жақсартып, 157-ші сатыға көтерілген. Сондай-ақ, Павлодардың «Ертісі» де 300 сатыға бір-ақ өрлеген.

Ал бірінші орында Мадридтің «Реалы». Өткен маусымда Испания чемпионатын, Чемпиондар лигасы мен Әлем чемпионатын ұтып алған Зинедин Зидан командасы 328 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Бразилияның «Гремиосы». Үздік үштікте Еуропа лигасында ерлеген «Манчестер Юнайтед».

Жалпы, IFFHS клубтардың рейтингін түзумен 1991 жылдан бері айналысып келеді. Клубтардың құрлықтағы, құрлықаралық турнирлердегі, ел чемпионатындағы және ел кубогындағы (1/16-финалдан бастап) ұпайларын есептеп отырады. Барлық елдер төрт санатқа бөлінген. Бірінші санаттағы елдердің клубтары өз чемпионаттарында әр жеңіс үшін 4 ұпайдан алады. Тең ойынға екі ұпай. Екінші санаттағы клубтар әр жеңіске 3, тең ойынға 1,5 ұпайдан алады.

Құрлықтық турнирлерде барлық клубтар бірдей ұпай алады. Дегенмен, Чемпиондар лигасы мен Либертадорес кубогында берілетін ұпайлар Еуропа лигасы мен Оңтүстік Америка кубогына қарағанда көбірек.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама