auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қайрат" Литваның "Атлантас" клубын ойсырата жеңді

"Қайрат" Литваның "Атлантас" клубын ойсырата жеңді
Алматылық "Қайрат" командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында литвалық "Атлантас" клубын қабылдап, ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алматының орталық стадионында өткен кездесу 6:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді.

Кахабер Цхададзе шәкірттері бірінші таймда-ақ қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол салып, тізе бүктірген. 21-ші минутта Жерар Гоу қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Бес минут өткенде Георгий Жуков пенальти алып, команда капитаны Андрей Аршавин оны сәтті орындады. 30-шы минутта Жуков алаңнан кетуіне тура келіп, оның орнына шыққан Иво Иличевич екі минуттың ішінде көзге түсті. Бірінші тайм аяқталар сәтке үш минут уақыт қалғанда Аршавин өзінің екінші голын салып кетті.

Екінші тайм қарсылас команда үшін сәтсіз басталды. Иличевичке қарсы айып алаңында дөрекі ойнағаны үшін, "Аллантас" қақпасына екінші рет пенальти тағайындалып, Жерар Гоу екінші голын салды. 73-ші минутта Иличевич те қарсыластар қақпасына екінші голын салып кетті.



Қарымта ойын 6 шілдеде Литвада өтеді. Екінші айналымда осы кездесудің жеңімпазы "Скендербеу" - "Сан-Хулиа" жеңімпазымен кездеседі.

Осыған дейін, "Ертіс" командасы Еуропа лигасының бірінші айналымында өз алаңында болгариялық "Дунав" командасын жеңді. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы жалғыз голдың авторы павлодарлық клубқа жаңадан ауысып келген молдовалық шабуылшы Игорь Бугаев болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама