Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан 2020 жылғы Олимпиадаға 12-ші лицензияны жеңіп алды

ХОК синхронды жүзуден дуэттерге арнап 22 квота бөлген.

Қазақстан 2020 жылғы Олимпиадаға 12-ші лицензияны жеңіп алды
© olympic.kz
Синхронды жүзуден Қазақстан командасының мүшелері Александра және Екатерина Немичтер 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатысу нормативін орындады, - деп хабарлайды Olympic.kz

Олар Кванджуда өткен 2019 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша лицензияға иелік етіп отыр. 

Дуэттерді Олимпиада ойындарына іріктеу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы 10 команда әлем чемпионатының қорытындысы бойынша автоматты түрде Токио жолдамасына қол жеткізеді. Олардың қатарында ойынды қабылдайтын мемлекет Жапония, Ресей, Египет, Австралия, Украина, Қытай, Канада елінің өкілдері бар. 

Олимпиаданың бес жолдамасы әр құрлықта жоғары орында тұрған командаларға рейтинг бойынша үлестіріледі (Жапония есепке алынбайды). 2019 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Азия құрлығынан Қазақтан, Африкадан Оңтүстік Африка Республикасы, Океания аймағынан Жаңа Зеландия лицензия иеленді. Панамерика ойындарының қорытындысы бойынша жолдама Америка немесе Мексиканың біріне бұйырады. Ал Еурподағы өкіл кейін анықталмақ. 

Олимпиада ойындарының қалған жеті қатысушысы іріктеу турнирінде рейтинг бойынша анықталады. Халықаралық Олимпиада комитеті синхронды жүзуден дуэттерге арнап 22 квота бөлген. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы 12 лицензияға иелік етті. Бұған дейін Ришат Хайбуллин (спорттық құзға өрмелеу), Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу), Ольга Рыпакова, Георгий Шейко (жеңіл атлетика), Евгений Гидич (велоспорт), классикалық түрде садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Денис Ганькин, Ильфа Абдуллин, Санжар Мұсаев) және Виталий Худяков (ашық суда жүзу) Олимпиадаға қатысу нормативін орындаған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости