auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Құрбан айт мерекесіне орай Спартакиада өтті

Құрбан айт мерекесіне орай Спартакиада өтті
©Ольга Апельганец

Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы. Алматы қаласы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен орталық мешіттің айт намазына жиналған қауым үшін мейрамға орай спорттық ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бірі қатысып бақ сынаса, енді бірі көңілді де қызықты Спартакиаданың куәсі болды. Спартакиада бағдарламасына сәйкес жарысқа қатысуға ниет білдіргендер: арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру, қошқар көтеру, асық ату және тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.

Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – "Қошқар көтеру" сайысы болды. Шын мықтылар бәсекесінде Бауыржан Әбдіқайым жеңімпаз атанды (2 минут ішінде 84 рет көтерді). Кір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. 24 келілік екі тасты қос иығына салып алып, 55 рет әуелеткен Алмас Бөкенаев бас жүлдені жеңіп алды.

Арқан тартушылар сайысында ұйымшылдық танытқан "Сұңқар" тобының апайтөс жігіттері топ жарды. Асық атуда ұлттық спортымызды мықты меңгерген Бекзат Әшірбай мергендік танытып, бас жүлдені иеленді. Ал білекті жігіттердің бәсекесі – армрестлингте Абзал Пірімбек қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігінен көрінді. Ал зияткерлік ойынына баланатын тоғызқұмалақ сайысында Айтжан Бекмұқамбет жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Жамағат арасындағы жарыстарға деген көпшіліктің ықыласы жыл санап артып келеді. Биыл да мереке күндеріне орай түрлі спартакиадалар өтеді. Солардың ауқымдысы Алматы қаласының мешіт жамағаты арасында өтетін фубол лигасы. Қазір іріктеу сайыстары басталып кетті. Сонау қара күзге дейін жалғасатын бәсекенің финалы қазан айына жоспарланған. Бүгінгі Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған шарамызға да көпшіліктің ықыласы ерекше екенін көріп отырсыздар. Бастысы осындай игі шаралар арқылы елдің руханияты көтеріліп, мешіт жамағатының бірлігі нығая түседі" - дейді "Ұлттық мұра" бағдарламасының жетекшісі Айдос Багашев.

Шараның негізгі мақсаты да мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама