Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Реал" Роналдумен қош айтысты

"Корольдік клуб" футболшының "Ювентустегі" спорттық мансабына сәттілік тіледі.

Мадридтің "Реал" футбол клубы Криштиану Роналдудың командадан кеткенін хабарлады. Сондай-ақ футболшының "Ювентустегі" спорттық мансабына сәттілік тіледі.

Туриндік клуб футболшыны қатарларына қосқанын ресми түрде хабарлаған жоқ. Дегенмен португалдық футболшының италиялық командаға ауысатыны күмәнсіз секілді.

Криштиану Роналду "корольдік клуб" сапында 9 жыл ойнады. Команданың нағыз көшбасшыларының бірі болды. Клуб ресми сайтында футболшыға алғысын білдірді.

- Роналду "Ювентуске" ауысуға келісті. Клуб және әлем футболы тарихында айрықша ойынымен көзге түскен футболшыға зор алғыс білдіреміз. Команда сапындағы жүлделерден өзге нағыз талант пен еңбектің нәтижесін көрсетіп, үлгі болды.

"Реал" футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. 16 бірдей чемпиондық атаққа ие болды. Жекелей талай марапаттарды иеленді.

"Реал Мадрид" әр кез үйің болып қала береді, - деген ресми хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости