Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барселона" футбол клубының "қара тізіміндегі" 4 футболшы

Испанияның Marca басылымы осы жазда "Барселона" командасы сапынан кететін 4 футболшының есімін жариялады.

Испанияның Marca басылымы осы жазда "Барселона" командасы сапынан кететін 4 футболшының есімін жариялады. Олар бас жаттықтырушы Эрнесто Вальверденің сенімінен шығып, команданың "қара тізіміне" іліккен.

Басылым ақпараты бойынша командадан осы жазда Андре Гомеш, Алейш Видаль, Люк Динь мен Йерри Мина кетуі мүмкін. Олар жаңа команда іздестіруді бастап та кеткен көрінеді.

Андре Гомеш пен Алейш Видаль соңғы 11 ойында негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Екі ойыншыға да мүмкіндік берілгенмен, жақсы қырларынан көрсете алған жоқ. Люк Динь болса каталондық клубтың деңгейінде ойнай алмай жүрген ойыншылар қатарында. Бәсекелестерінен бір бәс төмен тұр. Йерри Мина да тәжірибе жинау үшін еуропалық ұжымдардың бірінде уақытша ойнай тұруы мүмкін.

Sports.es басылымы Андре Гомеш "Барселонадан" біржола кеткісі келетіні туралы жазған. Қос тарап екі жаққа да тиімді шешім қабылдау жолын іздеуде екен. Ойыншыны каталондық ұжым 2016 жылы "Валенсиядан" 35 миллион еуроға сатып алған болатын. Португалдық жартылай қорғаушыға Туриннің "Ювентус" клубы қызығушылық танытуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости