Екінші орта салмақта WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) пен осы салмақта WBO белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс (30-0, 14 КО) арасындағы кездесу 8-мамыр күні өтеді. Бұл туралы америкалық тілші, әрі инсайдер Майк Коппинджер хабарлады.
Оның ақпараты бойынша, екі боксшының командасы келісімге келіп қойыпты. Жекпе-жек DAZN платформасында өтеді. Бірақ айқастың нақты қайда болатыны әлі белгісіз.
Загрузка матч-центра...
Жарнама