Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Альварес белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкинде титул иеленетін мүмкіндік пайда болды

"Канело" келесі жекпе-жегінде украиналық үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізбесе, титулынан айырылуы ықтимал.

Альварес белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкинде титул иеленетін мүмкіндік пайда болды
Фото: boxingscene.com
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестен әлем чемпионы титулын тартып алуы мүмкін, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

"Канело" келесі жекпе-жегінде украиналық үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізбесе, титулынан айырылуы ықтимал.

Дереккөздің мәліметі бойынша, IBF алты апта бұрын "Канелоның" өкілдеріне хат жіберіп, Деревянченконың тарабымен келіссөзді бастауды тапсырған. Альварестің командасы хатқа жауап бермей, титулды қорғау уақытын кейінге шегеруді сұрамаған. Сондықтан IBF промоутерлік сауда-саттықты бастауы мүмкін. Ал "Канело" келесі жекпе-жегінде Деревянченкомен жұдырықтаспайтынын анық айтқан болатын.

Егер Альварестің өкілдері сауда-саттыққа қатыспаса, IBF ережесі бойынша одан чемпиондық титулды тартып алады. Мұндай жағдайда Деревянченко бос қалған белбеуді ең жақын үміткер қазақстандық Геннадий Головкинмен сарапқа салады.

Айта кетейік, Альварес IBF титулын мамырда Лас-Вегаста иеленген болатын. Ол бұл белбеуді америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіп алған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости