Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Рақмет, GGG". Роллс Головкинмен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жекпе-жек Нью-Йоркте өтеді

"Рақмет, GGG". Роллс Головкинмен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Фото: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жегі алдында соңғы ресми баспасөз мәслихатына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz Нью-Йорктен.

Стив Роллс осы сенбіде GGG-ге оңай қарсылас болмауға уәде берді.

"Құдайға, DAZN мен GGG Promotions-ке алғыс айтқым келеді. Осында болу үшін ұзақ сапар жүрдім. Бұл қиын мақсат және жақсы мүмкіндік. Бұл жаттығу жекпе-жегі болмайды. 8 маусымда өзімді орта салмақтағы үздік боксшылардың бірі ретінде көрсетемін", - деді Роллс.

Ал Головкиннің бапкері Джонатан Бэнк GGG-дің алдағы қарсыласын дұрыс бағалау керек екенін айтты. "Роллс өмірінің соңғы жекпе-жегіне шыққандай жұдырықтасады. Джошуаға қарсы жекпе-жек те сондай болған - Энди Руис бар күшін салды. Стив секілді оның да жоғалтар ештеңесі болмады. Сондықтан, Роллс - қауіпті қарсылас. Оған бей-жай қарамаймыз. Жоспарымыз бар. Сол жоспар бойынша сенбіде GGG жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантады деп үміттенемін", - деді Бэнкс.

Естеріңізге салсақ, Головкин - Роллс жекпе-жегі 164 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады. Кездесу қазақстандық уақытпен 9 маусымда таңда басталады. Жекпе-жекті QazSport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости