Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін не үшін тамашалағанын түсіндірді

Мексикалық боксшы WBC және WBA белбеулерін қорғап, қарсыласынан IBF белбеуін тартып алды.

Головкин "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін не үшін тамашалағанын түсіндірді
Геннадий Головкин Альварес - Джейкобс кездесуінде. © DAZN

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өткен жекпе-жекті не үшін тамашалағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Оның бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварес жеңісімен аяқталды. Мексикалық боксшы WBC және WBA белбеулерін қорғап, қарсыласынан IBF белбеуін тартып алды.

"Мен "Канелоны" немесе Джейкобсты көру үшін келгенім жоқ. Мен қайтадан осы атмосфераны сезініп, оны сезінгім келді, бокс және бокстың жанында жүрген жандардың көздері жанғанын көргім келеді. Мен бірнеше рет болған үлкен шараның атмосферасын сезіну керек болды. Бұл мақсатқа жету жолындағы мотивация беретін қажетті шара деп қабылдаған дұрыс" ,- деді Головкин ресми YouTube-каналында жариялаған видеода. 

Головкин келесі кездесуін 8 маусымда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек қазақстандық үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жетекшілігімен және DAZN платформасы аясында дебюттік болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости