auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Forbes Головкинге Санчестің орнын алмастыратын үш бапкерді атады

Forbes Головкинге Санчестің орнын алмастыратын үш бапкерді атады

Беделді Forbes журналы орта салмақта чемпион болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаттықтырушысы ретінде Абель Санчесті ауыстыра алатын үш үміткердің тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Головкин 25 сәуірде 2010 жылы бастап жұмыс істеп келген бапкерімен ынтымақтастықты тоқтатынын жариялады.

"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.

Өз кезегінде Абель Санчес Головкинмен енді неге жұмыс істемейтінін түсіндірді. 

"Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар, алғыс пен этиканың, намыс мен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді", - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұқбатында.

Санческе кеткеннен кейін қазақстандық жаттығу лагерін де ауыстыруға шешім қабылдады. Канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) қарсы 8 маусымға жоспарланған жекпе-жекке дайындалу үшін ол басқа жерде болады.

Головкин мен оның командасы Санчестің орнына кім келетінін әзірге айтқан жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы Калифорния штаты Санта-Моникадағы өз үйінен алыс емес жерде жаттыққанды қалайтынын жеткізген. 

Осы ақпаратты негізге ала отырып, Санчесті ауыстыра алатын бірнеше кандидаттар бар. Forbes пікірінше, Головкиннің жаңа бапкері болуға үміттілер:

"Вирджил Хантер

Хантер жаттығу залы Санта-Моникада Головкиннің үйінен бес сағаттық жерде орналасқан, бұл әрине аса ыңғайлы нұсқа емес. Дегенмен, Хантердің спортшыларға қорғаныс тактикасына шоғырландыру қабілеті және джебтің қойылымы Головкин үшін тартымды болуы мүмкін. Сондай-ақ, Хантер шайқасқа сәтті жоспарлар жасауға, сондай-ақ бұрышында тыныш және тепе-теңдікті сақтауға қабілетті.

Фредди Роуч

Роучтың жаттығу залы Санта-Моникаға 40 минуттық жерде орналасқан арқасында, оның есімі осы тізімде болуы міндетті. Роуч - агрессив жаттықтырушы, және көптеген мамандар Альвареспен үшінші жекпе-жекте Головкин үшін қажет деп санайды. Роуч аты аңызға айналған филиппиндік Мэнни Паккьяоны ұзақ жылдар бойы жаттықтырған. Жақында олар қайта қосылды. 

Бади МакГирт

Головкин үшін ең жақсы нұсқа. МакГирт өзін жаттықтырушы ретінде көрсете білді, соның ішінде шығысеуропалық боксшыларды дайындауда өзінің тиімділігін көрсетті. Ол жартылай орта салмақта ресейлік жасөспірім Сергей Липинцпен жұмыс істеді және жақында Сергей Ковалевке Элайдер Альвареспен болған реваншада жеңуге көмектесті.

Сонымен қатар, Макгирттің жаттығу залы Санта-Моникаға 40 минуттық жерде орналасқан. Географиялық және мәдени өзара байланыс тұрғысынан алғанда, МакГирт Головкиннің ақылға қонымды нұсқасы болуы мүмкін", - деп жазады басылым.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама