auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекман Сойлыбаев Василий Ломаченкомен спарринг өткізді

Бекман Сойлыбаев Василий Ломаченкомен спарринг өткізді
©diamondring.kz
Лос-Анджелестің Wild Card West спорт залында жаттығу жиынын өткізіп жүрген қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев екі дүркін әлем және Олимпиада чемпионы, WBO белбеуінің иегері украиналық Василий Ломаченкомен спаррингтік жекпе-жек өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман Сойлыбаевтың АҚШ-та әйгілі Эрик Браунның қарамағында жаттығып жүргеніне бір айдан асты. Кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 10 наурыз күні Тустин қаласында өткізеді.

"Бұл спаррингтің мен үшін маңызы зор болды. Былай айтқанда өз күшімді толық тексеріп, әлеуетімді бір бағамдап алдым. Василий Ломаченко – өте мықты боксшы. Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогын жеңіп алған. Оның үстіне, менің салмағымда WBO чемпиондық белбеуінің иегері. Жалпы, адамгершілігі мол, жақсы жігіт екен. Болашақта шаршы алаңда қайта кездессем деймін. Бірақ, ендігісі чемпиондық айқас болса деген арманым бар", – деді Бекман.

Спаррингтен кейін боксшылар қол алмасып, бір-біріне риза болып тарқасты. 

Айта кетейік, кәсіпқой рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен Василий Ломаченко да өзінің келесі айқасын 8 сәуір күні АҚШ-тың Мэриленд қаласында өткізеді. Қарсыласы – WBA чемпиондық белбеуінің иегері америкалық Джэйсон Соса.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама