auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Елеусіновтың промоутері кіші Чавеске келісімшарт ұсынды

Елеусіновтың промоутері кіші Чавеске келісімшарт ұсынды
Данияр Елеусінов пен Эдди Хирн. © twitter.com/MatchroomBoxing
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО) Matchroom Boxing компаниясындағы Эдди Хирнмен келісімшарт жасасуға жақын қалды, - деп хабарлайды BoxAzteca.

Басылым мәліметінше, екі жақ келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Хирн мексикалық боксшыға үш жылға келісімшарт ұсынған. Қаржылай тұсы әзірге белгісіз. 

Осыған дейін, қлыбританиялық промоутердің бокс тарихындағы ең ірі келісімшарт жасасқаны белгілі болды. Ол DAZN онлайн стримингімен бір миллиард долларға келісімшартқа қол қойды. Ендігіде ол АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген танымал әрі беделді боксшыларды өзіне тартып жатыр. 

32 жстағы Чавестің боксқа қайтып келуі тамыздың 4-не не 11-не белгіленген. Оған үш адам қарсылас болып отыр: Габриэль Росадо (24-11, 14 КО), Серхио Мора (29-5-2, 9 КО) және Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО).

Бұл тізімдегі екі боксшы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 33 КО) жұдырықтасқан. 

Чавес болса өзінің бір сұхбатында қазақстандық боксшымен шаршы алаңда жұдырықтасқысы келетінін айтқан еді. Алайда ол әлі 2-3 жекпе-жек өткізу керектігін айтты. 

Айта кетейік, Чавес өткен жылдың мамыр айынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол кезде Чавес өз отандасы Сауль Альварестен төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалған еді. 

Промоутер Хирн болса биылдан бастап Рио-2016 Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған Данияр Елеусіновпен жұмыс істей бастады. Елеусіновтың екінші жекпе-жегі 6 маусымда Лондонда өтеді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама