auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды
©BOXNEWS.com.ua
WBC тұжырымы бойынша Еуразия және WBA NABA тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы diamondring.kz порталы хабарлайды. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы 31 жастағы мексикалық боксшы Марио Антонио Масиас болды. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 50 кездесу өткізіп, оның 28-де жеңіске жеткен. Жекпе-жек 10 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Тустин қаласында болады. Кездесу 8 раундтық жүйе бойынша өтеді. 

"Қарсыласымның анықталғанына қуаныштымын. Бұл сәтті ұзақ күттім. Өйткені, мен соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың мамырында шыққан едім. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты ұзақ уақыт жаттығу жасай алмадым. Бірақ қазір қазақстандық жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға дайынмын. Қарсыласым тәжірибелі. Әлем чемпионы атағына үміткер болған. Дегенмен мен бапкерім Эрик Браунмен жеңіске жетеміз деп отырмыз. 10 наурызды асыға күтудемін", - дейді Бекман Сойлыбаев.

Айта кетейік, 2011 жылдың желтоқсан айында Марио Масиас жеңіл салмақта WBA чемпиондық белбеуі үшін, 2014 жылы WBC тұжымы бойыншы чемпиондық атаққа таласу үшін жекпе-жек өткізген. Алайда бұл екі кездесуде де мексикалық боксшы жеңіліп қалған. 

Қазіргі уақытта Бекман Сойлыбаев Лос-Анджлес қаласында Wild Card West жаттығу залында америкалық Эрик Браунның қол астында жаттығу жасап жатыр. Кәсіпқой бокста отандасымыз 9 кездесу өткізіп, оның төртеуінде қарсыластарын сұлатып салған. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама