WBA тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) Геннадий Головкинді реваншта сұлататынына сенімді екенін айтты, – деп хабарлайды Boxingscene.com сайты.
Жақында ғана польшалық Мацей Сулецкийді (26-1 10 КО) жеңген Дэниел Джейкобс Головкинмен реванш болса, жеңетініне сенімді екенін айтты.
– Головкинді қарымта кездесуде сұлататыныма сенімдімін. GGG-дан жеңілгеннен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Меніңше, мен Головкинді жеңдім. Мені көбісі 6 раундтан аспай, нокаутқа түседі деп ойлады. Алайда мен өз үстемдігімді көрсеттім, – деді Дэниел.
Айта кетейік, Дэниел Джейкобс отандасымыз Геннадий Головкинге қарсы 2017 жылдың 18 наурызында жекпе-жек өткізген. Нью-Йорктағы «Мэдисон Сквер Гарденде» өткен жекпе-жекте 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.
Жарнама