auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкиннің бапкері жаттықтырған боксшы есірткі мен ішімдікке әуестігі барын мойындады

Головкиннің бапкері жаттықтырған боксшы есірткі мен ішімдікке әуестігі барын мойындады
Карлос Куадрас. © boxingscene.com
Екінші жеңіл салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық 29 жастағы боксшы Карлос Куадрас (36-3-1, 27 КО) ауруханаға түсті, бұл клиника ішімдік пен есірткіге әуес  науқастарды сауықтырумен айналысады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Осыған дейін WBC ұйымының президенті Маурисио Сулейман Куадрасты тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін біраз уақытқа шеттеген еді. Пуэрторикалық Макиульямс Арройомен (17-3, 14 КО) өткен жеңпе-жектің алдында және өткеннен кейін допинг сынамасына қан тапсырған мексикалық боксшының ешқандай тыйым салынған препарат табылмады. Әлемнің бұрынғы чемпионы есірткімен әуес болғаны айтылды.

"Куадрас тыйым салынған препараттарды пайдаланғаны үшін шеттетілді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Маурисио Сулейман ол кезде. 

FightNews порталының мәліметінше, Куадрастың ісі бойынша 25 сәуірде тыңдалым өтеді. Оның ісімен "Таза бокс" (WBC ұйымы мен VADA жобасы) комитеті айналысады.

Куадрас болса қарсылық танытпай, емделуге келісті. WBC президенті барлық тұрғыдан көмектесетінін уәде етті.

"Өмірімдегі ең маңызды жекпе-жек тұр. Жеңіске жетемін деп ойлаймын. Менің артымда әйелім мен ұлым бар. Мексиканың намысын әлемдік аренада қорғап жүргенімді сеземін. Құдайдың көмегімен осы әуестігімнен құтылғым келеді. Ешуақытта допинг қолданған емеспін. Мен спортты құрметтеймін. Бірақ менің жеке өмірім, менің қателіктерім, жекпе-жек алдында не істегенім, менің мансабыма әсер етті. Мені қолдап жүргендерге алғысым шексіз. Барлығынан кешірім сұрап, тағы бір мүмкіндік берулеріңізді сұраймын. Соңғы мүмкіндік", - деді Куадрас.

Еске салайық, ақпанда WBC Silver титулы үшін таласта Куадрас Арройодан жеңіліп қалды. Бұл жекпе-жекке мексикалықты өз отандасы Абель Санчес дайындаған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама