auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бұл бокс үшін масқара". Сондерс Головкинді қорқақ деп айыптады

"Бұл бокс үшін масқара". Сондерс Головкинді қорқақ деп айыптады
Билли Джо Сондерс. © Daily Express
Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) допинг сынамасынан өте алмаған "Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) сынап, осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) қорқақ деп айыптады.

Альварес Головкинмен белгіленген жекпе-жекке екі ай қалғанда допинг сынамасынан өте алмады. Оның қан құрамынан кленбутерол табылды. Кейін "Канело" қазақстандық боксшымен жұдырықтасудан бас тартып, жарты жылға спорттан шеттеліді. 

"Мен "Канелоны" жоғары бағалайтынмын, алайда ол менің көз алдымда құлады. Ендігіде мен оны боксшы ретінде санамаймын да. Екінші кездесуде ол Головкинді жеңген күннің өзінде, мен оны жеңімпаз деп танудан бас тартамын, себебі ол мен үшін қарапайым читер. 

Мен оның әрекетін құптамаймын. Бұл бокс үшін масқара. "Канелоға" бой түзеп өсіп келе жатқан жас боксшылар бар, олар оның атақ дәрежесін біледі, алайда ендігіде олар оның қандай халге жеткенін де көріп отыр... Осыдан кейін мынадай ой келеді: "Егер де бізде солай істесек, бізді де спорттан жарты жылға шеттетеді ме?. Егер боксшы денесін мықты ету үшін осындай әрекетке баратын болса - бұл алаяқтық, сол үшін де мұның жазасы өмірбойына спорттан шеттетілу тиіс", - деп жазады BoxingScene.com порталы Сондерстің сөзін. 

Сонымен қатар, ұлыбританиялық боксшы Головкинді де сынап тастады. Оның айтуынша қазақстандық боксшы өзімен шаршы алаңға шығуға қорқып, әлсіз қарсыласыты, яғни Ванес Мартиросянды (36-3-1, 21 КО) таңдаған. 

"Меніңше олар (Головкиннің командасы) менімен жұдырықтасқысы келсе, мені қауіп ретінде көрмесе, жекпе-жекке менімен шығар еді. Алайда олар қазіргі уақытта менімен шығу бизнеске кері әсерін беретінін біледі. Головкин мен "Канело" биыо жекпе-жек ұйымдастырып, әр қайсысы 50 миллион фунт табыс табады. Мексикалықпен кездеспестен бұрын ол менімен шығып белбеуімді тартып алып, "Канеломен" неге жұдырықтаспайды? Себебі ол менімен кездесудің қиын болатынын біледі", - деді Сондерс Daily Star басылымынга берген сұхбатында. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама