auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады - Рой Джонс Қанат Ислам жайлы

Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады - Рой Джонс Қанат Ислам жайлы
Аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс қазақстандық Қанат Исламды ерекше боксшы деп атап, болашағы жарқын болады деген болжам айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

Боксшылар алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында жолығып қалды. Қанат Ислам АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Ал бұл кештің басты жекпе-жегіне Рой Джонстың өзі шығады.

"Бұл да ерекше жігіт, әлем чемпионы болады", - деді Джонс. Ал қазақстандық боксшы өз кезегінде атақты америкалықты Астанаға шақырды.

"Сізді бүгін осы жерден көргеніме қуаныштымын, нағыз чемпион Рой Джонсты. Мен WBA тұжырымы бойынша төртіншімін, WBO бойынша бесінші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімін. Мен үлкен жекпе-жекке дайынмын, қарқынды дайындалып жүрмін. Мені отбасым, командам - менеджер, бапкер мен промоутерім қолдап отыр. Мен бақыттымын. Мен осы жекпе-жекке дайынмын. Ертең кешке жолығамыз", - деді Ислам баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 17 ақпанда Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығады. Бұл кездесуде WBO Intercontinental және WBA Federatin атақтары АҚШ-тың Уилмингтон қаласында сарапқа салынады. Жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрестіледі. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан таңғысын болады. Осыған байланысты трансляция 07:55-те басталады.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді тағады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама