auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады - Мартиросянның әкесі Головкинмен өтетін жекпе-жек туралы

Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады - Мартиросянның әкесі Головкинмен өтетін жекпе-жек туралы
5 мамырда Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub аренасында Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) мен WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) арасында өтетін жекпе-жектен бокссүйер қауым қызыға тамашалайтын болады. Бұл туралы америкалық боксшының әкесі FightHubtv-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

Норик Мартиросянның айтуынша, оның ұлы жекпе-жекте бар өнерін салады.

Менің ұлым үлкен жекпе-жекке шығады, оны сеземін. Мен қатты қобалжып, күтіп жүрмін. Ванес аңыз адаммен жұдырықтасады. Осының өзі мені қуантады. Ол барлығына дайын, көп жаттығады. Сол себепті де барлығы да жақсы. Біз жекпе-жек туралы күн сайын талқылаймыз. Жаттығулар жайлы, алдағы жекпе-жек туралы сөйлесеміз. Ол тыңдай біледі. Біз Головкинді қатты құрметтейміз, ол екеуі көрермендер күткен жекпе-жек ұйымдастырады дегенге сенемін", - деді ол.

Журналистің жекпе-жек алдында Ванеске не айтасыз деген сұрағына америкалық боксшының әкесі былай деп жаупа берді: "Оларға барлық мүмкіндігіңді көрсет. Онымен айқас, қашпа. Тең түсу жайлы ойлама да. Мен оған тек соңына дейін жұдырықтасуды тілеймін. Сол жекпе-жекте кім мықты екені анықталады. Меніңше бұл тартысты кездесу болады", - деп жауап берді.

Айта кетейік,  Головкин - Мартиросян жекпе-жегі 5 мамырда Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасында өтеді. 5 мамырдағы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің билеттерінің минималдық құны - 53 доллар, ал максималдық құны - 767 доллар.

Кездесу жергілікті АҚШ уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады. АҚШ-та жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Ал қазақстандықтар жекпе-жекті келесі күні, 6 мамырда таңғы уақытта көре алады. Бокс кешінің басты оқиғасы Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталады. Бірақ жекпе-жектің әзірше қазақстандық қай арналардан көрсетілетіні белгісіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама