auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлемнің абсолютті чемпионы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді

Әлемнің абсолютті чемпионы Головкин - Мартиросян жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді
Сесилия Брекхус. © Bad Left Hook
Никарагуалық Роман "Чоколатито" Гонсалес (46-2, 38 КО) пен норвегиялық Сесилия Брекхус (32-0, 9 КО) 5-мамырда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қатысуымен өтетін бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Los Angeles Times.

Гонсалес пен Брекхустың Головкин андеркартында 10 раундық жекпе-жекте өнер көрсететіні туралы жақын арада ресми түрде жарияланады. Олардың жекпе-жегін HBO Latino телеарнасы испан тілінде көрсетеді. BoxRec.com порталының мәліметі бойынша, Гонсалес шаршы алаңға мексикалық боксшы Педро Педрин Гевараға (30-3-1, 10 КО) қарсы шығады. Ал Брекхустың қарсыласы әзірге белгісіз. 

30 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес 2015-2017 жылдары аралығында салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің (P4P) көшбасшысы болды. Ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. 

Оған дейін Гонсалес барлық 46 кездесуінде жеңіск жеткен болатын. Соңғы жеңілісінен кейін Гонсалес P4P рейтингіндегі бірінші орыннан түсіп қалды. Гевара болса кәсіпқой бокс шаршы алаңында 34 кездесу өткізіп, 30 кездесуде жеңіске жетсе, 3 кездесуде жеңіліп, біреуінде қарсыласымен тең түскен.

36 жастағы Брекхус екінші рет АҚШ-та өнер көрсетеді. Ол 2008 жылы бірінші рет АҚШ-тағыстадионның шаршы алаңына шыққан еді. Норвегиялық боксшы жартылай орта салмақтағы барлық белбеулерді иеленген - WBC, WBA, WBO, IBF және IBO. 2014 жылы ол әлемдегі ең бірінші абсолют чемпион әйел атанды. Оның есімі Бернард Хопкинс, Джермейн Тэйлор және Теренс Кроуфордтардың есімімен бірге тарихта қалады. 

Downtown Los Angeles today with @gggboxing @tomloeffler1 @360boxingpromotions

Публикация от First Lady Cecilia Braekhus (@ceciliabraekhus)

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама