auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бұл жекпе-жекте Айдар Шәрібаевты жаңа қырынан көреміз - Сэм Катковски

Бұл жекпе-жекте Айдар Шәрібаевты жаңа қырынан көреміз - Сэм Катковски
Diamond Ring боксшыларының АҚШ-тағы шаруаларын жүргізіп жүрген менеджер Сэм Катковски Айдар Шәрібаевтың 12 сәуір күнгі чемпиондық жекпе-жегі жайлы өз пікірін білдіріп, жерлесіміздің қарсыласы америкалық Эндрю Канчионың қарымы туралы айтып берді.

– Сэм, Айдардың алдағы қарсыласы Эндрю Канчио жайлы айтып өтсеңіз. Жерлесімізге қаншалықты қарсылық көрсете алады?

– Эндрю – өте тәжірибелі, әрі қауіпті қарсылас. Әлбетте, жеңілістері де болды. Дегенмен, жарқын жеңістері де аз емес. Мәселен, бүгінде WBA рейтингінде ТОП-5 боксшының қатарына кіретін Рене Альварадоны нокаутқа түсірген. Бұл Айдардың кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегі болмақ. Сондықтан, жеңіске жетер болса, карьерасында жаңа бағыттар ашылмақ.

– Алайда, Канчионың шаршы алаңға шықпағанына екі жылдан асыпты. Шыны керек, карьерасы соңғы кездері өрге басып жатқан жоқ.

– Жауап беру қиын. Бәлкім, жарақаты болған шығар, мүмкін промоутерлерімен дұрыс қатынас орната алмаған болар. Дегенмен, жеңіліссіз келе жатқан екі боксшыны бір-бірімен ерте кездестіру дұрыс болмас еді. Бәрі өз уақытымен. Әр жекпе-жек сайын қарсыластары да күшейе береді. Айдар әлі дами береді. Бұл жекпе-жекте біз Шәрібаевты жаңа қырынан көргіміз келеді. Бұған дейін жеңіл салмақта жұдырықтасқан боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта өзін қалай көрсете алар екен. Психологиялық және моральдік тұрғыда дайын ба? Соған жауап аламыз.

– Жалпы, бұл жекпе-жек қазақстандықтың алдағы карьерасына қалай әсер етуі мүмкін?

– Егер Айдар WBA InterContinental чемпиондық белбеуін жеңіп алар болса, онда ол өз салмағында ТОП-15 боксшының қатарына кіреді. Оның үстіне, жекпе-жекті АҚШ-тың әйгілі телеарнасы ESPN көрсетеді. Бұл да оның карьерасына жаңа бағыттар ашады. Сондай-ақ, кешті Golden Boy Promotions орталығы ұйымдастырып отыр. Олар өз кештеріне анау-мынау боксшыларды шақыра бермейді.

– Айдар, 6 сәуір күні мексикалық Энрико Тинокомен айқасуы керек еді. Бұл жекпе-жек неліктен өтпей қалды?

– Кәсіпқой бокста мұндай жағдай болып тұрады. Алдымен боксшы келіседі де, сосын шамасы жетпейтінін түсініп бас тартады немесе жарақат алып қалады. Алайда, шынымен де бізде жоспар болған, келісіп те қойғанбыз. Өкінішке қарай, келісімшарт жасасып үлгермедік. Сосын біз Айдарды 20 сәуір күні Лос-Анджелесте өтетін кәсіпқой бокс кешіне дайындай бастадық. Бірақ, тым созып жібермеуді де жөн көріп, Индиодағы кешке тіркелдік.

– Сонымен, нокаут күтуге бола ма?

– Иә, бәріміз де нокаут күтеміз. Дегенмен, Айдарға бірден нокаут қууға кеңес бермес едім. Асығудың қажеті жоқ. Нокаут өзі-ақ келеді. Оның үстіне, бұған дейін Шәрібаев ешқашан 10 раундтық айқасты толық өтіп көрмеген. Соңғы раундтарда өзін қалай ұстайтыны да біз үшін қызық болып тұр. Әлбетте, бапкерлер алқасы оны бұл айқасқа 100 пайыз дайындады деген ойдамыз. 12 сәуірде бұған көзіміз жетеді деп ойлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің кәсіпқой бокс жанкүйерлері Айдар Шәрібаевтың чемпиондық жекпе-жегін сәуірдің 13-і күні таңертең «Setanta Қазақстан» телеарнасы арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама