auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Кім лайықты? 5-мамырда Головкинге қарсы жекпе-жек өткізе алатын боксшылардың бестігі

Кім лайықты? 5-мамырда Головкинге қарсы жекпе-жек өткізе алатын боксшылардың бестігі
Геннадий Головкин. Сурет: boxingscene.com
Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) шаршы алаңға 5-мамыр күні оралуға ниетті. Қазақстандық боксшының командасы қазіргі уақытта қарсылас іздестіріп жатыр. Осы орайда Vesti.kz порталы назарларыңызға Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) боксшыларды ұсынады. 

1. Гэри О'Салливан (Ирландия) - 27 жеңіс (19 - нокаут), екі жеңіліс. 

33 жастағы ирландиялық боксшы карьерасын он жыл бұрын бастаған. Бірақ құрлықтық белбеулерден басқа керемет нәтижесі жоқ. Гэри бұған дейін кіші Крис Юбенк (26-2, 20 КО) пен Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) секілді танымал боксшылармен жұдырықтасқан. Бірақ екі кезздесуде де жеңіліп қалған. 

Головкинге не ұсына алады? Гэри қазіргі уақытта Бүкіләлемдік бокс ассоциясының рейтингінде тоғызыншы орында келеді. Сондай-ақ WBA-NABA белбеуінің иегері. Жеке рекордтары да жаман емес. Оны жылдың ішінде екі рет ғана жеңілген. Британия аралдарында танымал боксшылардың бірі. 

О'Салливан АҚШ жерінде жұдырықтасуға қарсы емес. Тіпті мамыр айында жұдырықтасуға дайын. Ол соңғы жекпе-жегін мамыр айында өткізген болатын. Сондықтан О'Салливан отандасымыздың келесі қарсыласы болуы әбден ықтимал. 

2. Деметриус Андраде (АҚШ) - 25 (16) - 0 

О'Салливан секілді Андраде де карьерасын 2008 жылы бастаған. Ол бірінші орта салмақтағы WBA және WBO белбеуін иеленген. Әуесқой бокста да Андраде әжептеуір табысқа жеткен. Бір мысал. Ол 69 келіде Чикагода өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. 

Кәсіпқой бокста әлемдік белді ұйымдардың рейтингінде жоғары сатыда орналасқан. WBO рейтингінде міндетті қарсыластардың көшін бастап тұр. Дегенмен Андраде осы уақытқа дейін әлі мықты боксшылармен жұдырықтаспаған. 

3. Сергей Деревянченко (Украина) - 12 (10) - 0

32 жастағы украиналық боксшы кәсіпқой боксқа ауысқанына бес жылдай уақыт болды. Тіпті белбеу үшін де жақындап қалды. Ол Головкиннің IBF белбеуінің міндетті қарсыласы. Бірақ Сергей наурыз айында соңғы рет жұдырықтасты. Сондықтан да мамырға дейін дайын болмайтын шығар. 

Дегенмен де Деревянченконың соңғы жекпе-жегі қиын болды дей алмаймыз. Ол алты раундта америкалық Дэшон Джонсоннан (22-23-3, 7 КО) айласын асырды. Сол үшін де егер украиналық боксшы келіссе, бл кездесуді де көруіміз әбден мүмкін. 

4. Дэниэл Джейкобс (АҚШ)- 33 (29) - 2

WBA белбеуінің бұрынғы иегері рейтингте Альварестен кейін тұр. Басқа ұйымдардың тізімінде де Джейкобс үздік үштіктің қатарында. 

31 жастағы америкалық боксшы Головкинге 12 раунд бойы қасқайып қарсы тұрған бірінші қарсылас болған еді. Сондықтан ол қазақстандық боксшымен тағы бір керемет шоу ұйымдастыра алады. Бірақ Джейкобс 28-сәуір күні полшалық Мацей Сулецкимен кездесуі керек. Дегенмен де Дэниел Головкинмен кездесу үшін, бұл кездесуден бас тартуы мүмкін деген де мәлімет бар. 

5. Хорхе Себастьян Хейланд (Аргентина) - 29 (16) - 5 - 2

31 жастағы аргентиканлық боксшы ретингте жоғары тұр демесеңіз, басқа ешқандай ауыз толтырып айтатын жетістігі жоқ. Бірақ ол шынымен 5-мамыр күні Головкинге қарсы жұдырықтаса алады. Өйткені, оның қазіргі уақытта ешқандай жоспары жоқ. Оның үстіне Хорхе өткен жылдың шілдесінен бері әлі жұдырықтаспаған. 

Тек Джермалл Чарло ғана Хорхені нокаутқа түсіре алды. Егер Головкиннің командасы бұл кездесудің ұйымдастыратын болса, біз керемет айқасқа куә болуымыз әбден мүмкін. 

Еске салайық, 3-сәуірден 4-сәуірге ауысқан түні мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жектерін ұйымдастыратын Golden Boy Promotions компаниясы арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырды. Онда "Канелоның" орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5-мамыр күніне Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің өтпейтіні белгілі болды.

Бұл баспасөз жиынын соң Головкин де өз пікірін айтып, қандай жағдай болмасын 5-мамыр күні шаршы алаңға шығатынын айтты.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Сондай-ақ "Канело" жекпе-жектен бас тартқаннан соң Сондрес те Головкинді жекпе-жекке шақырды. Ол қазақстандық боксшыны барлық белбеу үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Еске салайық, 17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Наурыз айында Альварес жаттығу лагерін Сан-Диегоға (АҚШ, Калифорния штаты) ауысытып, тағы үш допинг сынақ тапсырды. Олардың барлығы таза шықты. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) уақытша оны жекпе-жектерден шеттетті. Альварестің ісіне байланысты тыңдалып енді 18-сәуір күні өтеді. Егер боксшының кінәсі анықталса, ол бір жылға дейін шеттетілуі мүмкін.

4-сәуір күні Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Альварес пен Головкин арасындағы екінші кездесу бәрібір де 2018 жылы өтетініне үмітті екенін айтты.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама