auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жақиянов карьерасын қайта жалғастыруы әбден мүмкін - маман

Жақиянов карьерасын қайта жалғастыруы әбден мүмкін - маман
Жанат Жақиянов. Сурет: Sky Sports.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың карьерасын айтайтынына байланысты пікірін білдірді. 

"Жанат барлығына өзінің мінезі мен еңбегінің арқасында жетті. Әрине, кәсіпқой бокста көп нәрсе промоутерге байланысты. Ал Филипп Фондю болса қолынан келгенін істеді. Ол отандасымызды чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік алып берді. Егер Фондюда қаржылық жағдайы мықты болғанда, жағдай мүлде басқаша болар еді. Филипп елімізге келіп, көмек сұрады. Бірақ оған да, Жанатқа да ешкім назар аудармады. 

Олар нар тәуекелге бел буды. Бірден қарымды қарсыласқа қарсы шықты. Негізі осал қарсыластармен белбеуді бірнеше рет қорғауға болатын еді. Бірақ жағынан олар қарсыластарын дұрыс бағалай алмады. Дегенмен де Жақияновты түсінуге болады. Оның қарсыласы допинг сынақтан өтпеді. Бұл мүлде әділетсіз. Біз бұл істің мән-жайын анықтап, WBA және IBF конвенцияларында бұл мәселелерді көтеріп жатырмыз. Мұндай жағдай енді қайталанбауы керек.

Жақиянов кәсіпқой боксқа қайта оралуы мүмкін деп ойлаймын. Мысал ретінде алысқа барудың қажеті жоқ. Бейбіт Шүменов жазда Астана жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ бұл бокс кешінде Жақиянов кәсіпқой боксқа оралады деуге сену қиындау", - дейді Демьяненко. 

Еске салайық, Жанат Жақияновтың карьерасын аяқтайтынын туралы 16-ақпан күні белгілі болған еді. Соңғы кездесуін отандасымыз өткен жылдың 21-қазанында британдық Райан Барнеттпен (18-0, 9 КО) өткізіп, WBA және IBF белбеулерінен айырылып қалған еді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама