auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин туралы пікірімді тілшілер бұрмалап жіберді - Қуат "Найман" Хамитов

Головкин туралы пікірімді тілшілер бұрмалап жіберді - Қуат "Найман" Хамитов
©:Vesti.kz
Ережесіз жекпе-жек ел намысын қорғап жүрген Қуат "Найман" Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) туралы айтқан пікірін тілшілер бұрмалап жіберді. 

Еске салайық, өткен жылы Головкин америкалық Дэниель Джейкобспен өткен 12 раундтық кездесуден кейін бокстан кеткені дұрыс деп мәлімдеме жасаған еді. 

"Головкин туралы менің айтқан пікірімді тілшілер бұрмалап жіберді. Головкин әуесқой бокста жүрген кездің өзінде біз бір спорт кешенінде дайындалатын едік. "Достық" спорт кешенінің сол жағында балуандар дайындалса, оң жағында боксшылар дайындалатын. Сол кездің өзінде Геннадий мықты боксшы еді. Ешкімнен ұтылмайтын. Барлық жарыстарда жеңіп жүрді. Бірақ Олимпиадаға келген кезде ол екінші орын алып қалды. Сонда халық оны шамалы қысқы. "Неге ұтылдың?", "Олимпиаданың алтынын сатып жібердің", "Ұтылауың керек еді", - деген халықтың арасында және спортшылардың арасында дау болды. "Жарайды, бір рет ұтылды ғой", - деп ешкім қарамады. Менің білуімше, сол Олимпиада үшін Головкин сыйақысында алмады-ау. 

Содан соң Головкин Қазақстанда біраз жүрді. Бірақ оған ешкім де қарамады. Егер мен қателеспесе, ол Германия ренжіп кетті. Оның 20-шы кездесуіне дейін ешкім танымайтын. Ал Америкаға барып, НВО арнасымен келісімшартқа отырып, жеңе бастаған кезде ел есіне алып, қайта Головкинді төбесіне көтерді. Оның барлығы менің есімде. 

Мен спортта жүргеннен кейін кімнің-кіммен шығып жатқанын білемін. Головкиннің 20-шы кездесуіне дейінгі қарсыластары әлсіз болатын. 4-5 раунда барлығын оңай жеңді. Кейінгі қарсыластары мықты. Оңайлықпен құламайды. 12 раунд бойы жұдырықтасады. Соңғы екі өте мықты. Тағы осындай қарсыластармен бір-екі кездесу өткізсе, ол жеңіліп қалуы да мүмкін. Бұл спорт. Егер де Головкин екінші рет ұтылса, 2004 жылы болған нәрсе қайта қайталануы ықтимал. Қазір жеңіп жүрген кезінде, халықтың алдында абыройы бар кезінде спортпен қоштасса дұрыс болады деген ниетпен айтқан едім", - дейді Хамитов. 



Айта кетейік, бұған дейін Хамитов қазақ футболын неге сынағанын да айтып берді. Сонымен қатар ол бағдарлама барысында жеке-өмірі мен жарақаттары туралы айтты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама