Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы белгілі болды

Жекпе-жек 3 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Отандасымыз өзінің келесі кездесу 3 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде өткізеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде  Сергей Ковалев пен отандасы Игорь Михалкин шаршы алаңға шығады.

Ал Нұрсұлтановтың бұл кездесудегі қарсыласы Алехандро Торрес (9-3-2, 4 КО) болады. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. 

Мексикалық боксшы кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 14 кездесу өткізіп, бес рет жеңіліп қалған. Торрес үш рет нокаутпен жеңілсе, өзі қарсыластарын бір рет нокаутқа түсірген. 

Мейірім Нұрсұлтанов болса өзінің соңғы кездесуін 25 қарашa күні Madison Square Garden спорт кешенінде өткізіп, америкалық Эрик Муннан үстем түсті. Жалпы отандасымыз кәсіпқой бокста бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 4 рет ол қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Айта кетейік, дәл осы бокс кешінде тағы бір отандасымыз шаршы алаңға шығады. Ол - Мадияр Әшкеев. Оның қарсыласы Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Антонио Абреу болады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости