auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Лемье Головкинге дейін әлсіз боксшылармен кездесті. Мен оны көзімді жұмып-ақ жеңемін - Сондерс

Лемье Головкинге дейін әлсіз боксшылармен кездесті. Мен оны көзімді жұмып-ақ жеңемін - Сондерс
Сондерс және Лемье. ©: Eye of the Tiger Management
Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британдық боксшы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) 16 желтоқсан күні Канадада Давид Лемьеге (38-3, 33 КО) қарсы өткізетін кездесу туралы ойымен бөлісті. 

Сондрес тағы да канадалық боксшының қазақстандық (37-0-1, 33 КО) жеңілгенін еске түсіріп, Лемьенің деңгейі төмен боксшы екенін айтты. 

"Лемье бейшаралармен кездесіп, шалдарды ғана нокаутқа түсіріп жүрді. Ал Рубоимен кездескенде қиналып қалды. Ол кездесуде жеңіліп, кейін тағы да әлсіздермен кездесті. Головкинмен кездесуге дейін. Кертис Стивенс те мықты боксшы емес. Бірақ қадам алға басты демесек, америкалық да әлсіздердің қатарында. Сивенсті жеңді, бірақ оған дейін Головкиннен оңбай таяқ жеді. 

Давид Лемье орта салмақтың үздік боксшылармен кездескенде, өзі әлсіз болып қалып жатты. Ол Головкинмен өткен кездесуде тіпті бір раундта да жеңе алмады. 

Мен қарсыласымның елінде жұдырықтасамын. Және бұл үшін еш уайымдап отырғаным жоқ. Давид мені нокаутқа түсіргісі келетінін айтыпты. Онда бізге төрешілердің қажеті не? Оның аузынан бұл сөзді ешкім суырып алған жоқ. Енді шаршы алаңға шығып, мені құлатын көрсін. Кері жағдайда ол мені жеңе алатын ешқандай мүмкіндігі жоқ. 

Қазір Давид шынымен мықты сияқты. Бірақ мен қорқып тұрғаным жоқ. Өйткені, ол мені жеңе алмайды. Ол тактика таңдау жағынан әлсіз боксшы. Мен оны көзімді жұмып-ақ жеңемін. 

Бұған дейін айтқанымдай, бокс - спорттың қауіпті түрі. Бір соққының өзі көп нәрсені өзгертуі мүмкін. Давид өз-өзін керемет панчермін деп жүр. Сол үшін мен өз жоспарымды мықтылап ұстануым керек", - деп келтіреді Boxingnews24.com порталы. 











Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама