auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Юбенк Головкинмен 2016 жылы неге жұдырықтаспағанын түсіндірді

Юбенк Головкинмен 2016 жылы неге жұдырықтаспағанын түсіндірді
© Getty Images
Екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Крис Юбенк (24-1, 19 КО) өткен жылы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен не себепті кездесу өткізе алмағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Юбенк Головкинмен 2016 жылдың қыркүйегінде кездесе алар еді. Бұл жекпе-жекті ұлыбританиялық әйгілі промоутер Эдди Хирн ұйымдастыруы керек болған, бірақ нәтижесінде қазақстандық жартылай орта салмақта IBF чемпионы Келл Брукпен кездескен еді.

Кейін Хирн неліктен осылай болғанын түсіндірген. Айтуынша, Крис Юбенктің әкесі жекпе-жек ұйымдастыруды толықтай өз иелігіне алғысы келіп, тіпті Головкиннің гонорары қанша болатынын және андеркартта жұдырықтасатын боксшыларды өз таңдағысы келген. Хирн мұндай шартпен келіспей, Юбенкпен жұмыс істеуден бас тартқан.

Ал Юбенктің айтуынша, бұл қалыпты жағдай болған, ал Хирн жекпе-жекті өз боксшысына беруді ұйғарған.

"Мен Головкинмен кездескім келмей, жалтарып кетті деуге болмайды, мен жұдырықтасқым келді, бірақ Хирн жекпе-жекті Брукке беріп қойды. Барлығы дайын болған, ал Хирн өзіне ыңғайлы жағдайды таңдай салды. Біз оның барлық шарты мен өзіне ғана қызықты бизнес-қылықтарына дайын емеспіз. Біз әділ қарым-қатынастың болғанын қалаймыз", - деп келтіреді боксшының сөзін BoxingScene.com.

Осыған дейін ұлыбританиялық боксшы Головкинмен биыл кездесетініне сенім білдірген болатын. "Бұл жекпе-жекті мен де, жанкүйерлер де қалап отыр. Оны кездесуге екі жылдан бері шақырып келемін", - деген еді ол.

Еске салайық, Юбенк өткен демалыс күндері Лондонда аустралиялық Ренольд Куинлинді жеңіп, IBO белбеуінің иегері атанған. Жекпе-жек аяқталғанда ол Головкинді рингке шақырған.

Ал Юбенктің әкесі он күннен кейін Головкиннің командасымен кездесіп, келіссөз мәселесін талқылайтынын мәлімдеген. Айтуынша, қазақстандықты "тірідей қуыратын жоспары" да дайын екен.

Айта кетейік, Юбенк Головкинмен өткен жылы-ақ кездесу өткізе алар еді, келіссөздер де жүргізілген. Алайда ұлыбританиялық боксшы тым көп гонарар сұрағандықтан, кездесу өтпей қалды. Сөйтсек, ұлыбританиялықтар 6 миллион доллардан бас тартыпты. Кейін Юбенк Головкинмен жекпе-жек өткізе алмағаны үшін ашуланғанын мәлімдеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама