Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Маған Ригондоның жұдырықтасу мәнері ұнамайды - Василий Ломаченко

Маған Ригондоның жұдырықтасу мәнері ұнамайды - Василий Ломаченко.

Желтоқсанның 9-ы күні Нью-Йоркте жылдың басты жекпе-жектерінің бірі өтеді. Шаршы алаңға украиналық Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондо шығады.

Осы күнге дейін Одессада жаттығу жасап келген Ломаченко бүгін АҚШ-қа аттанды. Нью-Йоркке кетерінде боксшы украиналық журналистерге сұхбат беріп, дайындығымен бөлісті.

"Менің жұдырықтасу мәнерім Ригондоныкіне ұқсамайды. Мен қорғанып, қарымта шабуылдаудан бөлек, комбинациялық соққылар жасай аламын. Қорғана жүріп, қарсыласты қысып ұстаймын. Ал Ригондоның белсенді шабуылын ешқашан көрген емеспін. Дегенмен, алдағы айқасқа қандай тактика ұстанып шығарын білмеймін. Оның бұрынғы айқастарын көргенмін. Соққылары біркелкі, шаршы алаңдағы қозғалысы да солай. Екеуміздің жекпе-жегіміз қиын немесе оңай болады деп айта алмаймын. Бірақ маған оның жұдырықтасу мәнері ұнамайды. Рас, қорғанысы мықты. Оны мойындаймын. Алайда, мұнысымен мені таңғалдыра алмайды. Мен оның комбинациялық шабуылдарын көргім келеді. Жалпы, бұл жекпе-жек мен үшін қатардағы көп кездесулердің бірі. Тек жанкүйерлер сұрағаны үшін ғана Ригондомен шаршы алаңға шықпақпын. Егер жанкүйерлерге қызық болса, мен үшін де солай. Ешқашан ақша үшін айқаспаппын", – деді Василий Ломаченко.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жекпе-жек Ломаченко үшін кәсіпқой бокстағы 10-шы айқас болмақ. Бұған дейінгі 9 кездесуінің сегізінде жеңіске жетіп, жетеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген. Біреуінде ғана жеңіліп қалған. Ал кубалық Гильермо Ригондо 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, соның 11-інде қарсыласын құлатқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости