Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мейірім Нұрсұлтанов Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді

Бокс кеші 25 қарашада өтеді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (4-0, 3 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 25 қараш күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden спорт кешенінде америкалық Эрик Мунмен (7-0, 6 КО) өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтып берді. 

- Дайындық жоспар бойынша жақсы өтіп жатыр. Жекпе-жекке аз қалды, - дейді Нұрсұлтанов. 

- Қарсыласыңыз туралы айтып берсеңіз ...

- Қарсыласым қарымды боксшы. Көрсеткіші де жаман емес. Әуесқой бокстағы көрсеткіші де жаман емес. 

- Ол бұған дейін ауыр салмақта өнер көрсеткен екен. Алдағы кездесуде оны қалай жеңемін деп отырсыз ...

- Мен оның ауыр салмақта өнер көрсеткенін білемін. Мунды жылдамдық арқылы жеңуге болады. Жекпе-жек кезінде техникаға жұмыс істеп, жылдам болу керек. 

- Кездесу әлемдегі ең керемет спорт кешендердің бірінде өтеді. Жалпы көңіл күйіңіз қалай? 

- Көңіл күйім керемет. Иә, мен бірінші рет Нью-Йорк қаласында жұдырықтасамын. Қазір дайындықтың соңғы кезеңі, спаррингтер өтіп жатыр. Жылдамдыққа жұмыс істеп жатырмыз. 

Еске салайық, 24 жастағы Мейірім нұрсұлтанов келесі кездесуін 25 қараша күні Madison Square Garden спорт кешенінде өтетін Сергей Ковалев 30-2-1, 26 КО) пен Вячеслав Шабранский 19-1, 16 КО) арасында өтетін бокс кешінде өткізеді. 

Осы уақытқа дейін Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін ол 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, бразилиялық Исмаэль Буэноны (15-7, 10 КО) 50 секундта жеңді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости