UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор сегізбұрышта бокстан бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезермен кездескісі келетінін айтты. Бұл туралы "
Чемпионат" хабарлайды.
Биылғы жылдың тамыз айында МакГрегор бокс ережесі бойынша кіші Флойд Мейвезермен кездесіп, жеңіліп қалған еді. Енді ол Мейвезерді ММА-де көріп, онымен ережесіз жекпе-жек ережесі бойынша кездескімі келеді. Сонымен қатар ирландиялық спортшы Пол Малиньджимен кездескімі келетінін де айтты.
"Бұған дейін Мейвезер ММА-де жекпе-жек өткіземін деп еді. Мұны маған ол бірінші жекпе-жектің алдында айтты. Енді мен бұл екі боксшының бірімен сегізбұрышта кездескім келеді. Мен олардың ережесіне көндім. Мен өз жанкүйерлерім үшін шоу ұйымдастырдым. Енді олардың бірі менің ережем бойынша төбелессін", - деп келтіреді МакГрегордің BoxingScene порталы.
Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
BoxingScene.com басылымының мәліметі бойынша, бұл кездесудің ақылы транцляциясын - 4,4 миллион көрермен тамашалапты. Яғни, олар екі жыл бұрынғы Мэнни Пакьяомен өткен жекпе-жек рекордын жаңарта алмаған. Ол кездесуде ұйымдастырушылар 4,6 миллион PPV сатқан еді.
Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне билет сатудан түскен қаражат мөлшері - 55,4 миллион доллар. Бокс тарихында билет ең көп сатылған Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жегі тіркелген еді. Ол кездесуден 72,2 миллион доллар кіріс кірген.
Жарнама