Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы
Батыр Жүкембаев Монреальда өткен бокс кешінде бірінші орта салмақта кездесу өткізіп, қарсыласын 64-ші секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Басты жекпе-жегі жергілікті боксшылар
Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен
Стив Кладжеттің (25-4-1, 17КО) кездесуі болған бокс кешінің андеркартында Жүкембаев Хосе
Эмилио Переаны жеңді.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 10 жекпе-жегіндегі 10-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның тоғызын нокаутпен жеңген. Ал Переа осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ал жеңіс саны - 24 (15-і нокаутпен).
Жарнама