auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

МакГрегордың ауылы сегізбұрышта. Арман Оспанов Мейвезер - МакГрегор кездесуіне болжам жасады

МакГрегордың ауылы сегізбұрышта. Арман Оспанов Мейвезер - МакГрегор кездесуіне болжам жасады
Ережесіз жекпе-жек ел намысын қорғап жүрген Арман "Сұңқар" Оспанов бокстан 12 дүркін әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер мен UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасында өтетін кездесуге өз болжамын жасады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"МакГрегор мер Мейвезер жекпе-жегіне қатысты сан-алуан болжам бар. Дөп басып айту қиын. Ринг Флойд үшін өз үйі секілді, ол бар карьерасын сонда өткізді. Түгесілмес тәжірибесі мен дардай атағы өз рөлін ойнайды. Конор кәсіпқой ринг үшін жат адам. Оның ауылы сегізбұрышта. Дегенмен, Конор жас, жігерлі, жылдам әрі соққылары ауыр. Қолының ұзындығы мен таймингінің арқасында бір соққысы сәтті тиер болса жекпе-жек тағдыры шешілуі ықтимал. Мейвезердің оған қарсы қоятын қаруы мызғымас қорғанысы мен көз ілеспес шапшаңдығы. Ол соңғы екі жылдан бері үлкен рингке шықпады. Дегенмен, әлі ұтылып көрмеген бокс жұлдызы Флойдтың бұл айқасы ұзаққа созылар болса, асығы алшы түспек. МакГрегор болса 8 уинцалық қолғаппен жекпе-жекті тез аяқтауға тырысады. Сенетіні соққысы. Мейвезер ирландиялықтан үстем түсіп, жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді Оспанов. 

Айта кетейік, Арман Оспанов өзінің келесі кездесуін 9 қыркүйек күні Алматыда "Алмат - Арена" спорт кешенінде АСВ-69 жекпе-жек кешінде өткізеді. Бірақ бұл кездесуде отандасымыздың қарсыласы кім болатыны әлі анықталған жоқ. Бейресми мәлімет бойынша, Оспанов армениялық Акоп Степонянмен кездесуі мүмкін. Қазіргі уақытта ол алдағы кездесуге дайындықты Дағыстан жерінде "Дак файтерс" клубында жаттығып жатыр. 

Ал МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 500 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама