Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Ислам жұдырықтасатын бокс кешінде өнер көрсететін қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс кешінде тоғыз отандасымыз шаршы алаңға шығады.

9 қыркүйек күні Астана қаласында Халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың тізімі белгілі болды

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кукқа қарсы қорғайды

Сонымен қатар бокс кешінде тағы сегіз қазақстандық боксшылар жекпе-жек өткізеді. Олар алыс және жақын шет елдік боксшылармен жұдырықтасады.

Назарларыңызға ЭКСПО көрмесі аясында өтетін бокс кешіне қатысатын қазақстандық боксшылардың тізімін ұсынамыз:

1. Қанат Ислам - кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы. Осы уақытқа дейін отандасымыз кәсіпқой бокс шаршы алаңында 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде "QAZAQ" қарсыластарын нокаутқа түсірген. Қазіргі уақытта орта салмақтағы
WBA Inter-Continental, WBO NABO (WBO Inter-Continental: WBA Fedelatin және WBA Fedecari белбеулерінің иегері.

2. Жанқош Тұраров - жартылай орта салмақтағы Ұлттық бокс ассоциясының (NBA) чемпионы. Кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 рет қарсыласын нокаутқа түсірген.

3. Жәнібек Әлімханұлы - еңбек сіңірген спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан, Азия ойындарының, Азия біріншілігінің және әлем чемпионатының жеңімпазды. Кәсіпқлй бокста бір кездесу өткізіп, жеңіске жеткен.

4. Мейірім Нұрсұлтанов - орта салмақтағы еліміздегі ең талантты боксшылардың бірі. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Соңғы кездесуін 15 шілде күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында америкалық Лэнни Дардарға қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

5. Руслан Мырсатаев - халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының ширек финалына шыққан. Бес маусым бойы Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" клубының намысын қорғаған. Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.

6. Әли Ахмедов - Ахмедов кәсіпқой бокс шаршы алаңында жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал рет қарсыласын нокаутқа түсірген.

7. Айдос Ербосынұлы - кәсіпқой бокста алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

8. Димаш Ниязов - Нью-Йорк қаласының полиция қызметкері. Кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да қарсыластарынан үстем түскен. Туған жерінде бірінші рет кездесу өткізгелі жатыр. Өйткені, Димаш 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен. Дегенмен ол бокстың әліппесін Шымкент қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрғали Сафиуллиннен үйренген.

9. Нұрсұлтан Жаңабаев - WBA China белбеуінің иегері. Кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті.

Жекпе-жек кешінің бас демеушісі ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Астана әкімшілігі, Астана-ЭКСПО-2017 көрмесі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Zhersu корпорациясы, Nelson Promoutins және Qazaq Promoutions компаниялары. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости