auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мэнни Пакьяо аустралиялық боксшыдан жеңіліп қалды

Мэнни Пакьяо аустралиялық боксшыдан жеңіліп қалды
2 шілдеде Аустралияның Брисбен қаласында бокс кеші өтті, бұл кештің басты жекпе-жегінде филиппин Мэнни Пакьяо мен жергілікті боксшы Джефф Хорн жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа жалғасты. Кездесуге Пакьяоның иелігіндегі WBO тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы тігілді. Бірінші раундта Хорн басым болған, себебі сериялы соққылар жасап, Пакьяоны қорғануға мәжбүрлеген.



Келесі раундтарда филиппин аустралиялық боксшының мәнеріне үйреніп, нақты соққыларымен жауап қайтара бастады. Екі боксшы да қатар соққы жасаған, десек те, Хорнның қимылы ширақ көрінді, Пакьяо да қарсыласына соққы дарыта білді. Қорытындысында екуі боксшының да қабағы жарылып кетті.

Алтыншы раундта Хорн оң қолымен соққы жасап, Мэнниді есеңгіретті, алайда Пакьяо құламады. Жекпе-жек ортасында филиппин айқын басымдығын көрсете алмады, себебі ринг қожайыны сәтті қарсы шабуылдар жасап, кейінірек тіпті тек шабуылға көшті. Оған денесінің ірілігі де көмек болды. Жетінші раундта қос боксшының бастары түйісіп, Пакьяо тағы да қабағын жарып алды, сөйтіп, ол қарсыласына бұл раундты беруге мәжбүр болды. 





© Twitter.com/Top Rank Boxing

Тоғызыншы раундта филиппин алға жүріп, сол қолымен бірнеше рет Хорнға соққы жасай білді. Мэнни тіпті кездесуді нокаутпен аяқтауға аз қалған, бірақ Джефф құламады. Қорытынды раундтарда боксшылар кезек-кезек басымдық алып отырды, бірақ төрешілер жеңісті аустралиялыққа берді (115-113, 115-113,117-111).

Осылайша, Мэнни Пакьяо чемпитондық титулын қорғап қала алмай, карьерасында жетінші жеңілісіне ұшырады. Өз кезегінде Джефф Хорн 16-шы жеңісін тойлады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама