auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC президенті "Канелоның" кеңестің чемпиондық белбеуінен бас тартқаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді

WBC президенті "Канелоның" кеңестің чемпиондық белбеуінен бас тартқаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірді
©Frontproof Media
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық боксшының шағымына қарамастан Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесуде сарапқа салынатынын айтты. 

"Мен Саульмен бетпе-бет кездескім келеді. Бокс - спорттың керемет түрі. Боксшыға біздің кеңес туралы дұрыс ақпарат жеткізді деп ойлаймын. Өйткені, оның бізге деген көзқарасы мен қарым-қатынасы бірден өзгеріп кетті. "Канело" - мексиканың үлгі тұтар боксшысы. Керем спортшы. Сондықтан да біздің арамызда мұндай кикілжің болуы керек. Біз онымен көптеген жылдар бойы бірге жұмыс істеп келдік. Екі рет біздің кеңестің чемпионы болды. Сол үшін біздің бұлай жанжалдасып жүргеніміз дұрыс емес. Бізге кездесіп, сөйлесіп, кикілжіңнің барлығын шешіп, ары қарай жылжуымыз керек. 

Бокс үшін чемпиондық белбеудің маңызы зор. Головкин өзінің белбеуін қорғайды. Біз бұл кездесуді кеңесте ресми тіркеп, жеңіске жеткен боксшы WBC чемпионы атанады. Егер боксшы чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартса, біз оның шешімін өзгерте алмаймыз. Себебі, біздің кеңестің заңында боксшы қаламаса белбеубен бас тартуға болады деп жазылған", - деп келтіреді Сулейманның сөзін BoxingScene.com порталы. 

Бұған дейін WBC 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста Головкин мен "Канело" арасындағы өтетін жекпе-жекке арнайы белбеу жасап шығарғанын хабарлады. 

Негізі WBC ұйымы мұндай тәжірибеге бірінші рет барып тұрған жоқ. Осы уақытқа дейін кеңес мамыр айында өткен "Канело" мен кіші Хулио Сезер Чавес арасындағы жекпе-жекпе жекке арнайы белбеу жасап шығарған еді. Алайда Альварес ұйым басшыларымен сөзге келіп қалғанына байланысты ол белбеуден бас тартты.

Еске салайық, "Канело" бұған дейін орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері болатын. Бірақ 2016 жылдың мамыр айында ол белбеуден өз еркімен бас тартты. Кейін бұл бос тұрған белбеу Альварестің міндетті қарсыласы болған Головкинге берілді.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама