auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әкемнің арманын орындауға тиіспін - Айдар Шәрібаев

Әкемнің арманын орындауға тиіспін - Айдар Шәрібаев
Адам тағдыры қызық. Бір жол тұйықталып жатса, бір жол ашылып тұрады. Қазір жұрт назарын аудара бастаған боксшы Айдар Шәрібаев бір кезде спортқа қош айтып, несібесін басқа саладан іздей бастаған-ды. Бірақ тағдыр жолы боксқа қайта әкелді. Бұл жолы кәсіпқой бокстың әлемін ашыпты. Айдар аз уақытта жұдырығының салмақты екенін дәлелдеп үлгерді. Жақында Алматыдағы жаттығу залына журналистерді жинап, Айдар Шәрібаев алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

– Айдар, қазақ әдетте ең алдымен әуесқой бокстағы ұлдарының табысына жан семіртеді. «Әуесқой бокста несібеме қол жеткізе алмай қалдым» деген ой жоқ па?

– Жоқ, керісінше, мен әуесқой боксқа тек рақмет айтар едім. «Су ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. Әуесқой бокс біз үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Олимпиадаға, әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік тумағаны рас. Мен 64 келі салмақ дәрежесінде жарыстарға қатыстым. Мұнайлы елдердің әлем кубогына қатысып, қола медаль жеңіп алдым. Студенттер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атандым, көптеген халықаралық турнирлерде олжа салдым. Өкпем жоқ. Мырзағали Айтжанов, Нұрғали Сафиуллин сынды бапкерлерге алғысым шексіз. Сол кісілер үйреткен біліктің арқасында кәсіпқой бокс қазір бізге аса ауыр тиіп жатқан жоқ.

– Кәсіпқой боксқа қалай жолың түсіп жүр? Білуімізше, әуесқой бокстан кеткен соң спорттан біраз уақыт тіпті алыстап кеткен екенсің.

– Иә, ол рас. Ұлттық құрамадан кеткен соң біраз уақыт түрлі жағдайларға байланысты бокстан алыстап қалдым. Демалдым, басқа да жұмыстармен айналыстым. Қанаттың мені тауып алатыны сол кездер. «Басқа жұмысты қартайған кезде істейсің. Елдің туын желбірететін жастасың. Жастығыңды зая кетірмей, үлкен істерге ұмтыл» деп шақырды. Осы сөзді құп алып, әуесқой бокстан Алматы облысының құрамасы сапында Бауыржан Оспанов ағамыздың қолдауымен қайта жаттыға бастадым. Ары қарай толықтай кәсіпқой боксқа бет бұрдым. Әуелі Қанатқа спарринг-қарсылас ретінде жаттығып жүрдім. Кәсіпқойлар арасындағы бірінші жекпе-жегімнің өтуіне Қанат бауырым қатты себепші болды. Қанат өз промоутері Нельсон Лопеске айтып, дебютімді ұйымдастырды. Содан қызыға түстім. Көп ұзамай отандық Diamond ring промоутерлік компаниясы ұсыныс жасады. Бір жылдан бері солардың қанатының астындамын.

– 2014 жылы кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жекпе-жегіңнен кейін екі жылдай үзіліс жасапсың. Не себеп болды?

– Осы екі жыл ішінде басқа компаниялар, промоутерлерден ұсыныс болды. Нельсон Лопес шақырды, басқа да промоутерлер бірге жұмыс істеуге ниет білдірді. Бірақ сәтін күттім. Америкада бізді ешкім ет асып күтіп отырмағанын білдім. Сол кезде Diamond ring шақырды. Қазір бұл компания өте тиімді жұмыс атқарып жатыр. Америкалық компаниялардан еш кем емес дей аламын.

– 2016 жылдан бері қарай бір жыл ішінде бес кездесу өткізіпсің. Бұл өте жақсы көрсеткіш секілді.

– Diamond ring қатарына қосылғаныма бір жыл, екі ай ғана өтті. Осы уақыт аралығында бес кездесу өткіздім. Бұл, шынында да, өте жақсы көрсеткіш. Кәсіпқой бокста бір жылда төрт кездесу өткізу жеткілікті болып саналады. Рейтинг жинау үшін бір жылда алты рет шаршы алаңға шығатын боксшылар да бар, бірақ ол әуелгі кездерде ғана. Бірақ ол өте қауіпті. Салмақ қуасың, өзіңді көп нәрседен шектейсің, ағзаңа түсетін күш артады.

– Үш кездесуді – елімізде, екеуін АҚШ-та өткіздің. Осы қарсыластарыңның ішінде қайсы жекпе-жек саған ауыр тиді, ең мықты қарсыласың қайсысы болды?

– Қанат Ислам чемпиондық атаққа таласқан "Алматы Аренада" өткен бокс кешінде мексикалық Хуан Окура деген боксшымен кездестім. Сол кезде әлемдік рейтингте өз салмағымдағы 2020 боксшының ішінде мен 550-ші орында тұрдым. Қарсыласым 146-шы орында еді. Кейбір нұсқалар бойынша ол 15 үздіктің ішінде болды. Өте тәжірибелі, әккі спортшы. Әкем «бокстан қорықсаң шаршы алаңға шықпа, теледидардан көр» деп қалжыңдайтын еді. Сондықтан неге мықтылармен жекпе-жекке шықпасқа? Промоутерлерімнің сенімін арқалап, «тек қана жеңемін» деген жігермен ортаға шықтым. Өздеріңіз көргендей, жекпе-жек өте қиын болды. Окураны ұзақ жылдық тәжірибенің арқасында жеңдім. Содан кейінгі жекпе-жектер сондай қиын болып жатқан жоқ.

– 28 сәуірде өткізген әзірше соңғы жекпе-жегіңде NABA WBA чемпиондық атағы сарапқа салынуға тиіс еді. Ол қандай атақ?

– NABA сөзі North American boxing association, яғни Солтүстік Америка бокс қауымдастығы деп талданады. Бұл қауымдастықтың чемпионы атанған боксшы АҚШ, Канада, Мексика, Куба, Кариб бассейні елдерінің үздігі болып саналады. Жоғарыда айтып өткен 2020 боксшының басым бөлігі осы елдерден. Сол нұсқаның чемпионы атағы сарапқа салынатын жекпе-жектен қарсыласым бас тартып, уақытында өтпей қалды.

– Қарсыласың болуға тиіс Зак Рэмси неге бас тартты? Оның әлдеқандай себебі бар ма?

– Рэмси бұрын сәл ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан. Ал титулдық жекпе-жек менің салмағымда – 61,2 келіде өтуге тиіс болды. Бәріне келісіп, келісімшартқа қол қойдық. Осыдан кейін Рэмси командасы мені түбегейлі зерттеген секілді. Сөйтіп, Рэмсиден жеңілмейтінімді шамалап, бас тартқандай. Олар қарсыласымның салмағында бір мәселе барын айтып сылтауратты. Маған басқа жол ұсынды, яғни жекпе-жек өтетін күні салмақ өлшемей-ақ жұдырықтасуға шақырды. Олардың бұл қулықтарын бірден түсіндім. Өзі ауыр боксшы кездесу өтетін күні одан ары ауырлап келмек қой. Мен бас тарттым. Мұндай жағдайда қарсыласым жеңіске жетсе де, оған ешбір атақ берілмес еді.

– Амал жоқ, сонша дайындығыңды босқа кетірмей, енді рейтингтік кездесу өткізуге күш салдың...

– Иә, дәл солай. Diamond ring басшылығы тоқтап қалмай, дайындығым зая кетпесін деп кездесуді Чикаго қаласына аударды. Орландо Ризо (Никарагуа) есімді боксшымен шаршы алаңға шықтым. Оны үш рет нокдаунға жіберіп, VII раундта нокаутпен жеңдім. Осыдан кейін WBA Intercontinental нұсқасы бойынша чемпион атағына таласуға мүмкіндік алдым. Алла сәтін салса, енді құрлықаралық чемпион белбеуіне таласамын. Одан жолым болса, әр нұсқада 10-15 үздік боксшы қатарына енемін, сөйтіп, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік ашылады.

– Қарсыластарыңды кім, қалай таңдап жатыр?

– Diamond ring компаниясы америкалық промоутерлермен қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Үлкен чемпиондар тәрбиелеген адамдармен бірге маған қарсылас қарастырады. Оларды «матчмейкер» деп атайды. Қазір дайындық үшін Америкаға баруға мұқтаж болып тұрмыз. Бұл ел кәсіпқой бокстың отаны саналады. Олардың жүйесі біздікінен мүлде бөлек. Жаттығуларым Майами қаласында өтеді.

– Сенің салмағыңда әлемде кімдер мықты?

– Әр тұжырым-нұсқа бойынша мықтылар бар. Мысалы, WBA нұсқасында әлем чемпионы – Хорхе Линарес (Колумбия), WBC-де – Майки Гарсия (АҚШ), IBF-те – Роберт Истер (АҚШ), IBO бойынша – Эммануель Тагое (Гана). Жақында біздің салмаққа украиналық Василий Ломаченко да ауысуы мүмкін. Қызық алда десек болады.

– Енді қашан шаршы алаңға шығасың?

– Қазір қарсылас іздестіріп жатырмыз. Рейтингте салмағы бар мексикалық, америкалық, колумбиялық боксшылармен келісімшарт жасасуға ниеттіміз. Бапкерлерім Осмири Фернандес пен Лазаро Хименес мені әу бастан-ақ кәсіпқой боксқа дайын спортшы деп бағалады. Қазір сол кісілердің жүйесімен жаттығып жүрмін. Олар Юриоркис Гамбоа, Гильерме Ригондо секілді боксшылардың кәсіпқойлар арасында дара жол қалыптастыруына еңбек сіңірді. Мен де сол жолдан айнымаспын деп сенемін.

– ЭКСПО аясында жоспарланып отырған бокс кешінде сенің де шаршы алаңға шығатының жайлы айтылып жүр. Рас па?

– Әрине, өз еліңнің, өз жанкүйерлеріңнің алдында атой салғанға не жетсін! ЭКСПО аясындағы бокс кешінде белгілі бір атақ үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік туса, тіпті тамаша болар еді. Чемпиондық белбеуді қорғау, одан да жоғарысына ұмтылу секілді жолдарды басып өтіп, әлем чемпионы атанғым келеді. Әкем Ғалым Шәрібаев күрестен спорт шебері болды. Мені спортқа баулыған да, жол сілтеген де – әкем. Ол кісі өмірден озған кезде бокстан алыстап кеттім. Әкем менің әлем чемпионы атануымды қатты армандады. Әке арманын іске асырғым келеді. Америкаға барып, өзіме сенімім арта түсті. Он екі-он үшінші жекпе-жекте әлем чемпионы атағына таласамыз деген ой бар. Сол үшін еңбектеніп жатырмыз. Геннадийдің, Қанаттың соңынан көк байрағымызды желбірететін неге біз шықпасқа?

Сұхбаттасқан Есей ЖЕҢІСҰЛЫ
zhasalash.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама