auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Елеусінов Пакьяомен жұдырықтасуды мақсат тұтуы керек - промоутер

Елеусінов Пакьяомен жұдырықтасуды мақсат тұтуы керек - промоутер
© stuff.co.nz
MJA Entertainment Майк аустралиялық промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Данияр Елеусінов пен Иван Дычконы профи-рингтегі дебютіне кімнің дайындайтынын және спортшылардың болашағы жайлы болжамын айтып берді.

"Қазіргі уақытта Дерик Сантов (Сергей Ковалевтің экс-бапкері - Авт.) Дәуренмен Майамиде жұмыс істеп жатыр. Ол фантастикалық бапкер, сенімді әрі белсенді. Дерик ағайынды Елеусіновтерді әкесі Маратпен біріге отырып жаттықтырады. Ол Дычкомен де жұмыс істейді", - деді промоутер.

Сонымен қатар, ол Елеусіновтің әлем боксының абыройлы ортасына қосылуды мақсат тұтуы керек екенін айтты. "Ол тамаша, ақылды және жоғары маманданған спортшы. Мэнни Пакьяомен немесе жартылай орта салмақтағы кез келген абыройлы боксшымен жұдырықтасу болашақта оның мақсаты болуы тиіс", - деп мәлімдеді Майк Алтамура.

Даниярдың ағасы Дәурен жайлы пікірінде ол чемпион болуға мүмкіндіктің барын айтып өтті. Айтуынша, Дәуренді көпшілік ұмытыңқырап қалған, ал ол әрдайым жұмыс істеп, дамып жатыр. Орта дивизионда ол талай атой салады деп сенеді промоутер.

Оның ойынша, Иван Дычко да әлемдік деңгейге көтеріле алады. "Оның дарынына сенемін, аса ауыр салмақта әлемдік деңгейге шығу үшін психологиясы, параметрі, интеллекті бар. Лондондағы жекпе-жегін көргенмін, Энтони Джошуамен жекпе-жегінің нәтижесі даулы. Дычко болашақта одан реванш алуы мүмкін", - деді маман.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама