auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Альварес Boxing News және ESPN рейтингінде Головкиннен кейін екінші орынға жайғасты

Альварес Boxing News және ESPN рейтингінде Головкиннен кейін екінші орынға жайғасты
© boxingscene.com
Boxing News журналы мен ESPN телеарналары өздерінің ресми сайттарында орта салмақтың жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Рейтинг 6 мамыр күні Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес (50-3-1, 32 КО) арасындағы жекпе-жектен кейін өзгерді. Екі мексикалық боксшы арасындағы жекпе-жектің қорытындысы бойынша үш төреші де жеңісті "Канелоға" берді. Ал кездесуді 164,5 фунтта өтті. 

Boxing News журналы мен ESPN телеарналарының рейтингі бойынша "Канело" орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Головкиннен (37-0, 33 КО) кейін екінші сатыға жайғасқан. Бірақ бұған дейін мексикалық боксшы бірінші орта салмақта өнер көрсетіп келген еді. 

Бұған дейін Альварестің өзі кіші Чавеспен өтетін кездесуден кейін орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Өзінің соңғы жеңісінен кейін "Канело" шарша алаңда тұрып, Головкинді жекпе-жекке шақырды. Сөйтіп, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтетіні белгілі болды. НВО арнасы бұл кездесуді PPV арқылы таратады. Алайда қайда өтетіні әзірше нақты белгілі болмай тұр.

Қазіргі таңда Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге сегіз спорт кешенінен ұсыныс түскен. Олардың ішінде Лас-Вегастағы, Нью-Йорк қаласында орналасқан Madison Square Garden және Далластағы AT&T Stadium стадионы секілді танымал спорт кешендері бар. АҚШ-тан бөлек Ұлыбритания астанасындағы "Уэмбли" және Мехиконың "Ацтек" стадиондары да бұл жекпе-жекті қабылдауға ынталы.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама