auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" қыруар ақша тауып жүр, сондықтан Головкинмен жұдырықтасуға асықпайды - Смит

"Канело" қыруар ақша тауып жүр, сондықтан Головкинмен жұдырықтасуға асықпайды - Смит
Әлемнің бірінші орта салмақтағы экс-чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смит бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан қашып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Канело" жағдайын жақсартып алған уақытқа дейін Головкиннен қашады. Оның ақылды боксшы екені белгілі. Уақыт өтіп жатыр, ал Головкиннің жасына жас қосылып жатыр. "Канело" неғұрлым ұзақ күтсе, жекпе-жекте жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым артады. Головкин боксшы ретінде мықты, бірақ, "Канелоның" даңқы басымырақ. Қазір ол ақша тауып жүр. Сондықтан асықпайды (Головкинмен жұдырықтасуға - ред.)", - дейді Смит Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Смит және "Канело" 2016 жылы шаршы алаңда жолығып, ұлыбританиялық боксшы нокаутқа түскен болатын. Осылайша, Смит WBО белбеуінен айырылған еді.

Мамыр айында Әмір Ханды жеңгеннен кейін "Канело" ринг маңында отырған Головкинді елдің көзінше "жұдырықтасуға" шақырған еді. Ал жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуден қорықпайтынын және күз айында жұдырықтасуға дайын екенін айтқан. Алайда бірнеше күннен кейін мексикалық боксшы WBC белбеуінен бас тартып, бірінші орта салмаққа ауысып кеткен болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама