auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бұл жеңісімді әкеме арнаймын - Мадияр Әшкеев

Бұл жеңісімді әкеме арнаймын - Мадияр Әшкеев
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы былғары қолғап шебері Мадияр Әшкеев Vesti.kz порталының тілшісіне соңғы жекпе-жегі туралы айтып берді. 

- Жекпе-жек мен жоспарлағандай өтті. Бірақ бірінші раундта қарсыласым басымен соққы жасап жіберді. Сол үшін де қабағым жарылды. Содан кейін мен бірден қарқынды күшейте бастадым. Себебі мен қабағымнан қан тоқтамаса жекпе-жекті тоқтатып тастауы мүмкін еді. Сөйтіп алға ұмтылып, қарсыласымды нокаутқа түсіргім келді. 

Кейін біздің дәрігер қабағымнан кеткен қанды тоқтатты. Ал бапкерім болса жылдамырақ қимылдауымды айтты. Өйткені, қарсыласым баяу қимылдап жатыр еді. Мен жылдам қимылдап, көп соққы дарыта бастадым. Жетінші раундтың ортасында қарсыласым тағы бірнеше соққы өткізіп алғаннан кейін төреші кездесуді тоқтатты. 




- Мұндай жекпе-жек сізге кәсіпқой бокстың стильіне бұдан артық төселуге көмектесетін шығар ... 

- Иә, тәжірибе мен үшін менің командам үшін өте қажет. Асхат Уалиханов пен Мейірім Нұрсұлтанов үнемі менің қасымда жүреді. Жекпе-жекті олар да көрдім. Біз үнемі бір-бірімізге көмектесіп, қателіктерімізді айтып тұрамыз. Жекпе-жек кезінде Мейірімнің маған рингте не істеу керек екендігімді айтып жатқанын естіп тұрдым. 

- Бұған дейін шолақ шалбарыңызға (шорты) Madiyar деп жазып жүретін едіңіз. Бұл жолы Rysbek деген жазумен шықтыңыз. Мұның себебі неде?

- Бұл менің әкемнің аты еді. Ол жеті жыл бұрым өмірден озып кетті. Бірақ ол менің кәсіпқой боксшы болатынымды білмеген еді. Сондықтан да әкемнің атын жазып шықтым. Бұл жеңісімді әкеме арнаймын. 

Еске салайық, 28 жастағы Мадияр Әшкеев (8-0-0, 4 КО) АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама