auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Уорд Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстырмайтынын айтты

Уорд Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстырмайтынын айтты
©boxingscene.com
Жартылай ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, америкалыұ Андре Уорд (31-0, 15 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жек өткізу үшін салмақ ауыстырмайтынын айтты. 

Бұған дейін америкалық боксшының бапкері Вирджил Хантер егер Головкин 168 фунтқа көтерілсе, жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтты. "Біз салмағымызды ауыстырамыз. Сондықтан Головкиннің жекпе-жектен бас тартатын басқа себебі болмайтын шығар. Біз Ковалевпен жекпе-жек өткізіп болғаннан кейін, салмағымызды ауыстырамыз. Сол уақытта Головкиннің қашып құтылатын амалы болмайды", - деген еді бапкер. 

Ал қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер болса Головкиннің 168 фунтқа көтеріліп, Уордпен кездесуі әбден ықтимал екенін айтты. 

Дегенмен Андре бұл алып-қашпа әңгімеге нүкте қойып, салмақ ауыстырмайтынын айтты. 

"Мен 168 фунтқа түспеймін. Бұл салмақта мен бұған дейін өнер көрсеткен едім. Хантердің бұл туралы айтқанын естідім, бірақ мен салмақ ауыстырмаймын. Мен оны басқа салмаққа ауысарға дейін айтқан едім. 

Головкин менімен жекпе-жек өткізетін мүмкіндігі болды. Бірақ ол бізге беймәлім себепке байланысты кездесуден бас тартты. Ол жекпе-жекті екі-үш жылға кейінге шегергісі келді. Алайда қазір мен салмақ ауыстырып қойдым. Сондықтан енді 168 фунтқа түспеймін. Егер ол салмағын ауыстырып, менімен кездесу өткізгісі келетін болса, онда әңгіме басқаша болады", - деп келтіреді Уордтың сөзін BoxingScene.com порталы. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама