auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Санчес Головкинді "қорқақ Боратқа" теңеген Сондерске жауап берді

Санчес Головкинді "қорқақ Боратқа" теңеген Сондерске жауап берді
©Twitter.com
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес қазақстандық боксшыны сынға алған осы салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы британдық боксшы Билли Джо Сондерстің (24-0, 12 КО) сөздеріне жауап берді. 

Сондерс Головкиннің жеке басына тиісіп, масқаралайтын жазу жазылған жейдені көрсетті. Британдық боксшы бұл жейдені кездейсоқ бір ер адамның бергенін айтады. Жейденің алдыңғы жағында былай деп жазылған - "GGG - қорқақ Борат. Сондерспен жекпе-жекке шық". Бұл Сондерстің Головкиннің шамына бірінші рет тиіп отырған кезі емес. Бұған дейін ол 2016 жылы Borerat ойынындағы сөз арқылы, отандасымызды мазақ еткен еді. 

"Қазір ол Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын болып қалыпты. Ал бұған дейін ше? Головкин бұған дейін Сондреспен жекпе-жек өткізуге дайын болған кезде қайда болды? Ол кезде Сондерс дайын болған жоқ. Егер жекпе-жек өтпейтін болса, онда ол (Сондерс) өз мүмкіндігін жіберіп алды", - деп келтіреді Санчестің сөзін NYFights.com порталы. 

Ал Badlefthook.com порталы мұндай мазақ ету әрекеттері Головкиннің келісімшартқа тезірек қол қойып жекпе-жекке шығуына ықпал ететінін және Сондерске бұл ауыр тиюі мүмкін екенін жазды.

Айта кетейік, бейресми ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама