auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Дэйдің қайтыс болғанына Конуэлл кінәлі емес". Әшкеев кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы туралы ойымен бөлісті

"Дэйдің қайтыс болғанына Конуэлл кінәлі емес". Әшкеев кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы туралы ойымен бөлісті
Сурет: instagram.com/madiyar_ashkeyev_official
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) бір жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға шығады. 17-желтоқсан күні отандасымыз америкалық Чарльз Конуэлл (13-0, 10 КО) деген боксшымен кездеседі. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласындағы Фредди Роучтың Wild Card Boxing Gym академиясында өтеді. 

Осы орайда Әшкеев Vesti.kz порталының тілшісіне сұқбат беріп, жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны туралы, жалпы қарсыласы туралы айтып берді. 

- Мадияр, Чарльз Конуэллге қарсы кездесуге дайындық қалай өтіп жатыр?

- Дайындық ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл менің карьерамдағы ең маңызды жекпе-жек болады. Жеңіске жетуге барлығын жасаймын. Екеуміз де жеңілмегенбіз. Бұл кездесуде кім мықты екенін анықтаймыз. 

Мен менеджерім Эгис Климасқа қоңырау шалып, мықты қарсыласпен кездесу өткізу туралы сұрадым. Ол сөзінде тұрып, ұйымдастырды. Сол үшін де рақмет айтқым келеді. Негізі біз бұған дейін кездесуіміз керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді. Конуэлл мен оның промоутері де бұл кездесуге қызығушылық білдірді. Енді біз 17-желтоқсан күні кездесеміз. 

- Чарльз Boxrec рейтингінде 23-орында, ал сіз 59-орында тұрсыз. Қарсыластың рейтингіне қарағанда, Конуэлл сіздің карьераңызда ең мықты қарсылас болайын деп тұр ғой, иә? 

- Кездесу оңай емес. Біздің кәсіпқой бокстағы көрсеткішіміз де шамамен бірдей. Мен де рейтингте жақсы орында тұрмын. Мен өмірімді боксқа арнап, чемпион болуға ұмтылып келе жатырмын. Бұл кездесуде жеңіске жетсем, чемпиондық белбеуге тағы бір табан жақындаймын. Ол да қан мен терден жасалған адам. Бұл кездесуге сақадай саймын. 

- Көпшілік Чарльз Конуэллдің 27-жастағы Патрик Дэймен өткен кездесуін жақсы біледі. Бұл кездесуден кейін Дэй қайтыс болған еді. Бұл жағдай туралы не айта аласыз?

- Бокс - ең қиын спорттың түрі. Бұл жағдай бүкіл бокс әлемінің назарын аударғаны белгілі. Бұл жерде Чарльз кінәлі деп ойламаймын. Конуэлл қарсыласын әдейі өлтірген жоқ. Ол тек жұдырықтасу үшін шықты ғой. Патрик Дэй жақсы боксшы, керемет адам еді. Мүмкін оның денсаулығында ақуал болған шығар. Болмаса төрешілердің қателігі де болуы ықтимал. Нақты ештеме айта алмаймын. 

Бокс - бұл біздің жұмысымыз. Рингке ақша табу үшін, өз еліміздің намысын қорғау үшін шығамыз. Өмірде мұндай қауіпті мамандықтар көп қой. Солардың бірі - бокс. Конуэллдің өзінен қорықпаймын. Өзімнің кезекті бір қарсыласым ретінде қабылдаймын. 

- Сіздің қарсыласыңыз өзінің 77 пайыз жекпе-жектерін нокаутпен аяқтапты. Биыл екі кездесу өткізген. Екеуінде де жеңіске жетіпті. Жалпы бұл кездесуге сіз қалай дайындалып жатырсыз?

- Конуэлл шебер, әрі тәжірибелі боксшы. Сондықтан бұл қарсыласыма қарсы ерекше дайындалып жатырмын. Шамалы ауырып қалғаныма қарамастан, өзімді жақсы сезінудемін. Бадди МакГирттің жаңа залында дайындалып жатырмыз. 

Ал физикалық дайындығыма қазақстандық бапкер Бауыржан Рысбек көмектесіп жатыр. Жекпе-жек жақындағанда мен бабыма келемін. 

- Қарсыласыңыз сізден тоғыз жас кіші екен. Жас айырмашылығы сізге қиындық туғызбайды ма?

- Жас айырмашылығы ешқандай рөл ойнамайды. Менің жасым 32-ге толып жатыр. Ал қарсыласым нағыз боксшының бабында болатын жасында. Мен әуесқой бокста талай кездесу өткіздім. Кәсіпқой бокста да тәжірибем бар. Шаршы алаңда ешқашан айқастан қашқан емеспін. Нақты жоспарымыз бар. Осы жоспар бойынша жекпе-жек кезінде жұмыс істейміз. 

- Алдағы кездесуде сізге сәттілік тілейміз! 

- Рақмет! 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама