Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) кіші Хулио Сезар Чавеспен (50-2-1, 32 КО) өтетін кездесуге дайындықтарын пысықтау үшін спарринг өткізе бастады, деп жазады Vesti.kz порталы.
Мексикалық "сары баланың" спарринг қарсыласы украиналық боксшы Вячеслав Шабранский (17-1,14 KO) болып жүр. Айта кетейік, Шабранский жартылай ауыр салмақта өнер көрсететі. Ал бірінші орта салмақта өнер көрсетеді.
"Жаттығуға қайта кірістім. "Канеломен" жекпе-жек өткізуді ұйымдастырғаны үшін промоутерлеріме рақмет!" - деп жазба қалдырды украиналық боксшы өзінің Инстаграмм парақшасында.
Еске салайық, Альварес-Чавес арасында кездесуі 6 мамыр күні Лас-Вегаста 164,5 фунтта өтеді.
Жарнама