auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин не сұраса да, беруге дайынмын - Сондерс

Головкин не сұраса да, беруге дайынмын - Сондерс
© © Reuters / Lee Smith Livepic
Орта салмақта WBO чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс Қазақстанға барып, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жұдырықтасуға дайын екенін тағы бір мәрте жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ол сөзсіз жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келеді, бұл оның арманы. Мен Қазақстанға барған бетте гонг басталмастан бұрын екі раунд жеңілетінімді білемін. Мен соған қарамастан Қазақстанға баруға дайынмын, және менде бардың, яғни чемпиондық титулымды біске тігемін. Головкин секілді менде бір салмақта абсолютті чемпион болып, барлық белбеулерді бір қолдың астына жинағым келеді. Ол жаман жігіт емес, тек бұған кәсіп ретінде қарау керек. Біздің жекпе-жегіміз тарих болып қалуы мүмкін және мен өзімнің осы кездесуде жеңіске жететініме сенемін", - деді Сондерс Worldboxingnews.net сатйына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, осы жекпе-жек өтуі үшін Головкин не сұраса да барын беруге дайын екен. "Мен осы кездесудің жазда болғанын қалаймын. Менің оған деген бір өшпенділігім немесе жаман ойым жоқ, мен тек өзімнің қаншалықты дайын екенімді көргім келеді. Егер Головкин менен қашып кеткен жағдайда, мен қуана отырып Коттомен жұдырықтасуға шығамын. Бұл жекпе-жек маған қатты ұнайды", - деді ұлыбританиялық боксшы.

Өз кезегінде боксшының промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасымен келіссөздердің қорытындысына қарамастан маусым айында Билли Джо жекпе-жек өткізеді. Екі жақ қаржылай мәселелерді шешкен, қазіргі уақытта тек қазақстандық боксшының өкілдері нақты жауап қайтаруы тиіс. Сонымен қатар, ұлыбританиялықтар Головкиннің командасына дедлайн орнатты.

Айта кетейік, инсайдерлік ақпарат бойынша, БАҚ беттерінде Головкин - Сондерс жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп болжанады, алайда келіссөздер әлі де жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама