auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Төрешінің көмегімен жеңді". Головкинмен жекпе-жек алдында "Канелоның" осал тұсы айтылды

"Төрешінің көмегімен жеңді". Головкинмен жекпе-жек алдында "Канелоның" осал тұсы айтылды
Сауль "Канело" Альварес. Сурет: talksport.com
Төрт салмақ бойынша әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі қарсыласы болуы мүмкін деген британдық боксшы Джо Райдер (28-5, 15 КО) мексикалықтың әлсіз тұстарын айтты. Бұл туралы Boxingscene.com порталы жазып отыр. 

"Канело" 12 қыркүйек күні АҚШ жерінде өтетін кездесуіне Джо Райдерді қарсылас ретінде таңдағанын жазған едік. Осыған орай, британдық боксшы бұл кездесу туралы ойымен бөлісті. 

"Альварес үшін солақай боксшылар ыңғайсыз қарсылас екеніне сенімдімін. Мысалы, ол Ларамен өткізген кездесуде тек төрешілердің көмегімен жеңді. Әрине, Лара маған қарағанда бойы биік боксшы. Бірақ бәрібір бұл кездесуде менің мүмкіндігім жоғары деп ойлаймын. Менің білуімше, қазір "Канеломен" жекпе-жек өткізуге басты үміткерлер - мен және Деревянченко. Кездесуді қашан хабарлайтынын күтіп отырмын. Негізі мен індеттің басынан бері тоқтамай жаттығу жасадым", - деді Райдер. 

Айта кетейік, Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) "Канеломен" кездесуден бас тартты. Оның орнына украиналық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарлоға (30-0, 22 KO) қарсы кездесу өткізуді дұрыс деп санады. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама