Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Майк Тайсон" деп айғайлаған украиналық боксшы қарсыласын тістемек болды

Майк Тайсон 1997 жылы Эвандер Холифилдпен реванш кезінде құлағының бір бөлігін тістеп алған.

Украиналық боксшы Иван Редкач жартылай орта салмақта бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) кешінде америкалық Дэнни Гарсияны тістемек болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай тоғызыншы раундта болды. Редкач клинч кезінде америкалықтың иығына тісін батырды. "Ол "Майк Тайсон!" - деп айғайлады да мені тістеп алды. Маған тігіс салу керек деп ойладым", - деді Гарсия жекпе-жектен соң. Оның айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болған екен.

Төреші мұны көрмеген секілді, жекпе-жек ары қарай жалғасты. Америкалық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (118:110, 117:111, 117:111) жеңіске жетті. Ол спорттық мансабында 36 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Редкач болса 23 кездесуде жеңіске жетіп, бесінші рет тізе бүкті.



Айта кетейік, Майк Тайсон 1997 жылы Эвандера Холифилдпен реванш кезінде құлағының бір бөлігін тістеп алған. Жекпе-жек сол жерде тоқтатылып, Тайсон шеттетілді және оған 3 миллион доллар айыппұл салынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости